Қолданыстағы ред. 17.06.2003 (Редакция 16763_315876.kaz)

О состоянии уровня цен на потребительские товары по области и мерах по их стабилизации от 17.06.2003 г. № 535 (Облыс бойынша тұтыну тауарларына бағалардың деңгейі және оны тұрақтандыру жөнінде іс-шаралар туралы)

0

Облыс бойынша тұтыну тауарларына бағалардың деңгейі және оны тұрақтандыру жөнінде іс-шаралар туралы
«Аса маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1623 қаулысына, сонымен қатар, 2002 жылғы 7 тамыздағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы облыс әкімдеріне базарларда ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаны объективті қалыптастыруға және негізгі тамақ өнімдерінің бағасына қатаң бақылау жасауды тапсырмасына сәйкес облыс бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда облысы әкімиятының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 504 қаулысымен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналдық базар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды.
Осы жобаны дамыту мақсатында муниципалды базар құрылысына салуға 5,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
Облыс бойынша бағаның жағдайына талдау жасағанда азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуінің негізгі факторы ол жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасының маусымдық өсуі әсер етуі анықталды.
Мысалы 2003 жылдың сәуір айын наурызбен, мамыр айын сәуірмен салыстырғанда қант, ұн,нан макарон, күріш, тұз өнімдерінің бағасы тұрақты болып тұр.
Сәуір айын мамырмен салыстырғанда бағалар сүт өнімдеріне (9,6 пайызға), мал майы (1,4 пайызға), жұмыртқа (4,5 пайызға), мамырды өткен аймен салыстырғанда сүтке -6,4 пайызға, мал майы- 0,9 пайызға, жұмыртқа 4,8 пайызға төмендеді, өсімдік майы сәуірде өзгеріссіз қалып, мамырда 1,3 пайызға түсті.
Жеміс-көкөніс өнімдерінің бағалары едәуір өсті. Әсіресе картоп сәуірде 13,2 пайызға, мамырда 9,3 пайызға, жуа сәуірде 34,4 пайызға мамырда 39,5 пайызға, капуста сәуірде 30 пайызға, мамырда 7,7 пайызға, сәбіз сәуірде 18,8 пайызға, мамырда 57,9 пайызға, алма сәуірде 16,4 пайызға, мамырда 17,2 пайызға көтерілді.
Қазіргі кезде республика бойынша негізгі тамақ өнімдері түрлерінің бағасының жағдайы Қызылорда облысындағы бағаның жағдайымен сәйкес келеді.
Республиканың орташа бағасы 2003 жылдың сәуірін наурызбен және мамырды сәуірмен салыстырғанда тұз, күріш, макарон, өсімдік майы, нан, шәй, қант, ұнның бағасы Республика бойынша тұрақты болып қалады. Жұмыртқа, мал майы, сүттің бағалары төмендеп, жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы өсуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша қазіргі кезде мамыр айы сәуірге қарағанда Қызылорда облысы бойынша тұтынушы бағасының индексі 99,6 пайызды, ал орташа республика бойынша 100,1 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, облыс бойынша мамыр айында баға тұрақтанып және оның түсу беталысы байқалады.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің базарға еркін шығу мүмкіндігін қамтамасыз етумен аса маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету және тұрақтандыру үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
І.Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының (Н.Талқанбаев) мәліметі каперге алынсын.

2

2. Аудан әкімдері, облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасы (Н.Талқанбаев) 2003 жылдың 10 шілдесіне дейін жергілікті жерлерде коммуналдық базарларды ашу оның қызметінде көтерме-сауда қызметін қарастыру жөнінде ұсыныс
берсін.

3

3. Қызылорда қаласының әкімі (Қ.Баймаханов):

1

1)Қызылорда қаласында коммуналды базарды пайдалануға беру жұмыстарын жандандырсын;

2

2)саяжай жерлерін дамыту және олардың өнімдерін сату үшін маусымдық сауда алаңдарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4.Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасы (Н.Талқанбаев ), облыстық статистика басқармасы (Б.Сапар, келісімі бойынша), облыстық ауылшаруашылық басқармасы (Н.Жолдасбаев), Қазақстан Республикасы Агентігінің Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті қорғау департаментімен (Н.Пірімов, келісімі бойынша) бірігіп базардағы бағаға мониторинг жүргізіп, бағалардың өсу себептерін анықтасын және егер олар негізссіз өссе заңнамада белгіленген тәртіппен оның төмендеуіне бағытталған шаралар қолдансын.
5.Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының (Н.Талқанбаев), облыстық ауылшаруашылық (Н.Жолдасбаев), кәсіпкерлікті қолдау және аймақтық даму (Ж.Сыздықов) басқармаларына:

1

1)жергілікті өндірушілердің ауылшаруашылық өнімдерін әрдайым жәрмеңке-сату тұрақты негізде ұйымдастырсын;

2

2)азық-түлік және басқа өнімдерді тікелей жеткізу үшін көрші аймақтағы және облыс аудандарындағы кәсіпкерлер арасында келісім-шарт жасасу үшін кездесулер ұйымдастырсын;
6.Облыстық сауда және сатып алу басқармасына тоқсан сайын есепті тоқсанның келесі айының 10-на осы каулының орындалуы туралы мәлімет берсін.
7.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Қѵандықовқа жүктелсін.