Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан

Бұйрық · № 172 · қабылданған 14.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167669/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 172 ·14.05.2022
14.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 172 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
172
Қабылданған күні
14.05.2022
Көрсетілген редакция
14.05.2022 167669_578766.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028050
ЭКБ идентификаторы
167669
Редакция идентификаторы
167669_578766
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:56

0 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына және 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары;

2

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 14 мамырдағы
№ 172 бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Өңір
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен
1.
Нұр-Сұлтан қаласы
25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт)
2.
Алматы қаласы
22 413 (жиырма екі мың төрт жүз он үш)
3.
Шымкент қаласы
23 390 (жиырма үш мың үш жүз тоқсан)
4.
Ақмола облысы
25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт)
5.
Ақтөбе облысы
7 372 (жеті мың үш жүз жетпіс екі)
6.
Алматы облысы
22 413 (жиырма екі мың төрт жүз он үш)
7.
Атырау облысы
8 385 (сегіз мың үш жүз сексен бес)
8.
Батыс Қазақстан облысы
12 728 (он екі мың жеті жүз жиырма сегіз)
9.
Жамбыл облысы
21 686 (жиырма бір мың алты жүз сексен алты)
10.
Қарағанды облысы
25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт)
11.
Қостанай облысы
19 988 (он тоғыз мың тоғыз жүз сексен сегіз)
12.
Қызылорда облысы
9 194 (тоғыз мың бір жүз тоқсан төрт)
13.
Маңғыстау облысы
16 167 (он алты мың бір жүз алпыс жеті)
14.
Түркістан облысы
23 390 (жиырма үш мың үш жүз тоқсан)
15.
Шығыс Қазақстан облысы
7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)
16.
Жетісу облысы
22 413 (жиырма екі мың төрт жүз он үш)
17.
Ұлытау облысы
25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт)

2 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 14 мамырдағы
№ 172 Бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Өңір
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен
1.
Нұр-Сұлтан қаласы
29 499 (жиырма тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз)
2.
Алматы қаласы
37 470 (отыз жеті мың төрт жүз жетпіс)
3.
Шымкент қаласы
34 574 (отыз төрт мың бес жүз жетпіс төрт)
4.
Ақмола облысы
29 499 (жиырма тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз)
5.
Ақтөбе облысы
13 700 (он үш мың жеті жүз)
6.
Алматы облысы
37 470 (отыз жеті мың төрт жүз жетпіс)
7.
Атырау облысы
10 148 (он мың бір жүз қырық сегіз)
8.
Батыс Қазақстан облысы
14 959 (он төрт мың тоғыз жүз елу тоғыз)
9.
Жамбыл облысы
34 861 (отыз төрт мың сегіз жүз алпыс бір)
10.
Қарағанды облысы
29 499 (жиырма тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз)
11.
Қостанай облысы
33 114 (отыз үш мың бір жүз он төрт)
12.
Қызылорда облысы
19 105 (он тоғыз мың бір жүз бес)
13.
Маңғыстау облысы
18 579 (он сегіз мың бес жүз жетпіс тоғыз)
14.
Түркістан облысы
34 574 (отыз төрт мың бес жүз жетпіс төрт)
15.
Шығыс Қазақстан облысы
7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)
16.
Жетісу облысы
37 470 (отыз жеті мың төрт жүз жетпіс)
17.
Ұлытау облысы
29 499 (жиырма тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз)

Қолданыстағы