Об утверждении Правил ведения и использования национальной информационной системы промышленности Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения и использования национальной информационной системы промышленности Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 310
- Қабылданған күні
- 17.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2024 167801_683905.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000310
- ЭКБ идентификаторы
- 167801
- Редакция идентификаторы
- 167801_683905
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:54
0 Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2022 жылғы « » № қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) дерекқор – тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы, ол осы деректердің сипаттамаларын, сондай-ақ олардың объектілері арасындағы өзара байланыстарды сипаттайды;
2 2) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі – өнеркәсіптің даму жай-күйі туралы ақпаратты көздейтін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – жүйе);
3 3) жүйені пайдаланушы – Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінде тіркелген және оның ресурстары мен құрамдастарын өнеркәсіптік саясатты іске асыруға байланысты рәсімдер мен операцияларды автоматтандырылған түрде орындау үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
4 4) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінің объектісі – Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін ақпарат, ақпаратты өңдеу процестері, ақпараттық ресурстар, функционалдық және ақпараттық сервистер;
5 5) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінің субъектісі – Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінің объектілерін нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін пайдаланатын жүйені пайдаланушы.
2 2-тарау. Жүйені құру
3
3. Жүйе өнеркәсіптік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне ұсынылатын қолдау туралы хабардар ету және өнеркәсіптің жай-күйі мен оның даму болжамы туралы ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру үшін қажетті ақпаратты жинау және өңдеу процестерін автоматтандыру мақсатында құрылады.
4 4. Жүйені құру:
1 1) жүйені құру және дамыту мәселелері жөніндегі стратегияны және іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
2 2) жүйеге қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды айқындау;
3 3) жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті, оның ішінде деректерді қалыптастыру және өңдеу бөлігінде ұйымдастырушылық-өкімдік және әдістемелік құжаттарды бекіту;
4 4) жүйе субъектілерінің оны құру және жетілдіру саласындағы іс-қимылын үйлестіру;
5 5) жүйемен интеграциялануға жататын ақпараттық ресурстардың тізбесін қалыптастыру;
6 6) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ақпараттық жүйелерді құру және дамыту тәртібін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.
3 3-тарау. Жүйені жүргізу
5
5. Жүйені жүргізу бизнес жүргізу процесін оңайлату мақсатында өнеркәсіптің жай-күйі туралы ақпараты қалыптастыруды және онымен алмасуды, өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне өзекті ақпарат беруді, сондай-ақ өнеркәсіптік саясат бойынша болжамдау және шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
6 6. Жүйені жүргізу мүдделі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
4 4-тарау. Жүйені сүйемелдеу
7 7. Жүйені сүйемелдеу жаңғыртуды жүргізбей және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмай әрі оның тұтастығын сақтау шартымен жүйенің ақауларын түзету, түрлендіру және жою жөніндегі іс-шараларды көздейді.
8 8. Жүйені сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
5 5-тарау. Жүйенің жұмыс істеуі
9 9. Жүйенің жұмыс істеуі мыналардың:
1 1) жүйенің мәліметтерін автоматтандырылған түрде жинауды, сақтауды, өңдеуді, қорытуды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен жүйені пайдаланушыларға беру;
2 2) жалпыға қолжетімді ақпаратты интернет желісінің ашық кеңістігінде (ашық деректер нысанында) осыған неғұрлым ыңғайлы, осындай түрде жарияланған ақпараттың барынша маңызды құндылығын қамтамасыз ететін бейнеде орналастыру;
3 3) жүйенің субъектілері арасында мәліметтермен ақпараттық алмасу есебінен қамтамасыз етіледі.
10 10. Жүйенің интерфейсі мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істейді.
6 6-тарау. Жүйені пайдалану
11 11. Жүйені пайдалану жүйені пайдаланушыларға функционалдық және ақпараттық сервистерге қолжетімділік беруді көздейді.
12 12. Жүйе мынадай:
1 1) өнеркәсіптік саясаттың іске асырылуы;
2 2) өнеркәсіп салаларының дамуы туралы статистикалық деректер;
3 3) өндірістік қызметпен байланысты бағыттардың даму нәтижелері;
4 4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың іске асырылып жатқан шаралары;
5 5) өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпаратты;
6 _________________________
6) жүйеге кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтиды.
_________________________