Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Бұйрық · № 268 · қабылданған 13.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167843/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 268 ·13.05.2022
01.10.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 268 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
268
Қабылданған күні
13.05.2022
Көрсетілген редакция
01.10.2023 167843_656552.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028106
ЭКБ идентификаторы
167843
Редакция идентификаторы
167843_656552
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:56

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 268 Бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі

1 1. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2

3

4

5

6

6. «Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20865 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.».

7

7. «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20907 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен жауап алғаннан кейін жауапты орындаушы «Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) және көрсетілетін қызметті алушы импортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы экспортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді - осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына немесе экспортына лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
18-тармақ алып тасталсын;
1-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

8

8. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20949 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органның жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
17 және 18-тармақтар алып тасталсын;
1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

9

9. «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 394 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20980 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
8,9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолдайды.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде (экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органымен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды (бұдан әрі-қорытынды) – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін - қорытынды), не дәлелді бас тартуды береді.
10. Қорытындыны беру үшін оны экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органымен келісу талап етілген жағдайда, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тиісті мемлекеттік органға сұрау салу жібереді.
Мемлекеттік орган экспорттық бақылау жүйесінің негізінде қызмет көрсетушіге 8 (сегіз) жұмыс күн ішінде жауабын жібереді.
Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды - қорытынды немесе дәлелді бас тарту.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
14 және 15-тармақтар алып тасталсын.

1 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және
даму министрінің және
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

2 Қазақстан Республикасы Инвестициялар

және даму министрінің және
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
«Тауарлардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе) экспортына
лицензия беру» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Та­у­ар­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рі­нің им­пор­ты­на және (неме­се) экс­пор­ты­на ли­цен­зия бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ин­ду­стри­я­лық да­му ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі -көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі ‒ пор­тал)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Экс­порт­қа ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де -1 (бір) жұ­мыс кү­ні.
Им­порт­қа ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
Ақ­па­рат­ты неме­се шифр­лау (крип­то­гра­фи­я­лық) құ­рал­да­рын жа­сы­рын алу­ға ар­нал­ған ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың экс­пор­ты­на неме­се им­пор­ты­на ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де – 10 (он) жұ­мыс кү­ні.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тү­рі
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Та­у­ар­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рі­нің им­пор­ты­на және (неме­се) экс­пор­ты­на ли­цен­зия неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес тө­лем алу тә­сіл­де­рі
Же­ке­ле­ген та­у­ар түр­ле­рі­нің им­пор­ты­на және (неме­се) экс­пор­ты­на ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де – 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш (бұ­дан әрі - АЕК).
Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі - ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­луы мүм­кін.
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Cа­ғат 16.00-ден кей­ін ке­ліп түс­кен өті­ніш­тер­ді тір­кеу ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­дың 1 неме­се 2-қо­сым­ша­ла­ры­на сәй­кес мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі өті­ні­ші;
2) ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін бюд­жет­ке ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер;
3) «Та­у­ар­лар­дың экс­пор­ты мен им­пор­тын ли­цен­зи­я­лау жө­нін­де­гі қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын, олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу­ға ар­нал­ған өті­ніш­тер­дің ны­сан­да­рын, ли­цен­зи­я­лар­дың және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 67 бұй­ры­ғы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­са;
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың осы қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­суы­на тый­ым са­лын­са;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ли­цен­зи­я­лық алым үшін тө­лем ен­гіз­бе­се;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­се;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­нан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы жа­у­ап ал­са;
6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се оған тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са;
7) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым сал­са;
8) ли­цен­зия бе­ру үшін негіз бо­лып та­бы­ла­тын бір неме­се бір­не­ше құ­жат­тар­дың қол­да­ны­луын тоқ­та­тыл­са неме­се уа­қыт­ша тоқ­та­тыл­са;
9) іс­ке асы­ру үшін ли­цен­зия сұ­ра­ла­тын шар­тты (ке­лі­сім­шар­тты) орын­дау сал­да­ры­нан туын­да­уы мүм­кін мү­ше мем­ле­кет­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­ле­рі бұ­зыл­са;
10) Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ко­мис­си­я­ның ак­ті­сі­мен көз­дел­ген өзге де негіз­дер.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті (оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы) көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ме­кен­жай­ла­ры:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - www. comprom. miid. gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік қыз­мет» бө­лі­мін­де;
2) пор­тал - www.​egov.​kz

3 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің және
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
«Уларды өндіру, қайта өңдеу,
сатып алу, сақтау, өткізу,
пайдалану, жою жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ин­ду­стри­я­лық да­му ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру ке­зін­де - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бө­лі­ніп шы­ғу неме­се бө­лі­ну ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну, жою жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру және ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу, не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
1) осы қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де - 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін - ти­іс­ті став­ка­ның 10%;
3) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­ды (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­дың тел­нұс­қа­ла­рын) бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым алын­бай­ды.
Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­луы мүм­кін.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Cа­ғат 16.00-ден кей­ін ке­ліп түс­кен өті­ніш­тер­ді тір­кеу ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) пор­тал - тех­ни­ка­лық жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды)
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін:
осы Стан­дарт­қа 1 неме­се 2-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның элек­трон­дық түр­де­гі өті­ні­ші;
элек­трон­дық үкі­мет­тің тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі - ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу ке­зін­де та­лап етіл­мей­ді);
улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну, жою жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің мә­лі­мет­тер ны­са­ны (бұ­дан әрі - мә­лі­мет­тер ны­са­ны) «Улар­ды өн­ді­ру, өң­деу, са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, пай­да­ла­ну, жою жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қаң­тар­да­ғы № 46 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, (бұ­дан әрі- бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры);
2) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның осы Стан­дарт­қа 3 неме­се 4-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық түр­де­гі өті­ні­ші;
ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де та­лап етіл­мей­ді);
мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де ақ­па­ра­ты бар құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі;
3) заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бө­ліп шы­ға­ру және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де:
осы Стан­дарт­қа 3 неме­се 4-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан­дар бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық түр­де­гі же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші; ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де та­лап етіл­мей­ді);
мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де ақ­па­ра­ты бар құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі;
мә­лі­мет­тер ны­са­ны.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1. Ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның бе­ру ке­зін­де:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лын­ған;
2) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген;
3) өті­ніш бе­ру­ші бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген;
4) ли­цен­зи­ар ти­іс­ті ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­нан өті­ніш бе­ру­ші­нің ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ті­ні ту­ра­лы жа­у­ап ал­ған;
5) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған;
6) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот өті­ніш бе­ру­ші-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым сал­ған;
7) өті­ніш бе­ру­ші ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­лар­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бо­лып та­бы­ла­ды.
2. Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның қай­та рә­сім­деу үшін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту негі­зі құ­жат­тар ұсы­ныл­ма­ған неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­ген кез­де бо­лып та­бы­ла­ды.
3. Заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лі­ну ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да:
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар ұсы­ныл­ма­ған неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­ген;
2) өті­ніш бе­ру­ші бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген;
3) егер бұ­рын ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша заң­ды тұ­лға­лар-ли­цен­зи­ат­тар­дың бө­лі­ну нәти­же­сін­де жа­ңа­дан пай­да болған қа­та­ры­нан бас­қа заң­ды тұл­ға­ға қай­та ре­сім­дел­се, ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша қай­та ре­сім­де­луі мүм­кін.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі - www.​miid.​gov.​kz «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - www.​comprom.​miid.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның анық­та­ма қыз­ме­ті­нен 1414, 8-800-080-7777 алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы