Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Койбагарского сельского округа Карасуского района Костанайской области

Ереже · № 128 · қабылданған 19.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167869/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Койбагарского сельского округа Карасуского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 128 ·19.05.2022
21.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Койбагарского сельского округа Карасуского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 128 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Койбагарского сельского округа Карасуского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
128
Қабылданған күні
19.05.2022
Көрсетілген редакция
21.08.2023 167869_648625.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NM00128M
ЭКБ идентификаторы
167869
Редакция идентификаторы
167869_648625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:51

0 Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Мәслихаттың
2022 жылғы 19 мамырдағы
№ 128 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Қойбағар ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қойбағар ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қойбағар ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қойбағар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қойбағар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Қойбағар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Қойбағар ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

21 Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2022 жылғы 19 мамырдағы
№ 128 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Өкілдерінің саны (адам)
Қойбағар ауылының тұрғындары үшін
20
Октябрьская көшесі
1
Первомайская көшесі
2
Клубная көшесі
1
Кооперативная көшесі
2
Молодежная көшесі
2
Центральная көшесі
2
Привокзальная көшесі
2
1-Западная көшесі
2
Ковыльная көшесі
2
Комсомольская көшесі
1
Элеваторная көшесі
1
Стапная көшесі
1
Строительная көшесі
1
Амангелді ауылының тұрғындары үшін
9
Набережная көшесі
2
Комсомольская көшесі
1
Зеленая көшесі
2
Целинная көшесі
1
Юбилейная көшесі
1
Степная көшесі
1
Комсомольская көшесі
1
Барлығы
29

Қолданыстағы