О расширении категории получателей услуг инватакси
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О расширении категории получателей услуг инватакси
- Атауы (қаз.)
- Инватакси қызметтерін алушылар санаттарын кеңейту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 16.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2022 167925_587755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NR00154A
- ЭКБ идентификаторы
- 167925
- Редакция идентификаторы
- 167925_587755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:55
0 Инватакси қызметтерін алушылар
санаттарын кеңейту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейімбет Майлин ауданы аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
1) 1 топ мүгедектері;
2) жүріп-тұруы қиын мүгедек балалар;
3) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедек балалар.
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды және «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысы бойынша ресми жарияланғаннан кейін.