Об определении национального института развития в области инновационного развития и перечня иных юридических лиц, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо либо косвенно принадлежат государству, уполномоченных на реализацию мер государственной поддержки инновационной деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении национального института развития в области инновационного развития и перечня иных юридических лиц, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо либо косвенно принадлежат государству, уполномоченных на реализацию мер государственной поддержки инновационной деятельности
- Атауы (қаз.)
- Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 321
- Қабылданған күні
- 20.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2023 167933_642904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000321
- ЭКБ идентификаторы
- 167933
- Редакция идентификаторы
- 167933_642904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:49
0 Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын
және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып;
2 2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесі айқындалсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың
тізбесі
1 1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы.
2 2. «QazTech Ventures» акционерлік қоғамы.
3 3. «Астана Innovations» акционерлiк қоғамы.
__________________________________