Құжат мәтініне өту

О переименовании акционерного общества «Международное информационное агентство «Казинформ»

Қаулы · № 325 · қабылданған 23.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168019/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О переименовании акционерного общества «Международное информационное агентство «Казинформ» Қолданыста Қаулы ·№ 325 ·23.05.2022
04.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании акционерного общества «Международное информационное агентство «Казинформ»

Қолданыста Қаулы ·№ 325 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании акционерного общества «Международное информационное агентство «Казинформ»
Атауы (қаз.)
«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
325
Қабылданған күні
23.05.2022
Көрсетілген редакция
04.10.2023 168019_675813.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000325
ЭКБ идентификаторы
168019
Редакция идентификаторы
168019_675813
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:48

0 «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі»

акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамының атауы «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-178-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-178. «Qazcontent» акционерлік қоғамы».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 375-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«375-9. «Qazcontent» акционерлік қоғамы».».

3

Қолданыстағы