О переименовании акционерного общества «Международное информационное агентство «Казинформ»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании акционерного общества «Международное информационное агентство «Казинформ»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 325
- Қабылданған күні
- 23.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 168019_675813.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000325
- ЭКБ идентификаторы
- 168019
- Редакция идентификаторы
- 168019_675813
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:48
0 «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі»
акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамының атауы «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-178-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-178. «Qazcontent» акционерлік қоғамы».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 375-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«375-9. «Qazcontent» акционерлік қоғамы».».