Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 147 · қабылданған 06.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168021/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 147 ·06.05.2022
06.05.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 147 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
147
Қабылданған күні
06.05.2022
Көрсетілген редакция
06.05.2022 168021_576288.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NR00147A
ЭКБ идентификаторы
168021
Редакция идентификаторы
168021_576288
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:01

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымша бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-183-023-135, жалпы алаңы 1,43 гектар су тарту ұңғымаларын төсеу және қызмет көрсету үшін;
Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-183-023-135, жалпы ауданы 0,1713 гектар магистральдық желілерді төсеу және қызмет көрсету үшін.

2 2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1

1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

2

2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Бейімбет Майлинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы