Құжат мәтініне өту

О размере лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций

Қаулы · № 236 · қабылданған 24.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16803/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О размере лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций Күшін жойған Қаулы ·№ 236 ·24.07.2003
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О размере лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций

Күшін жойған Қаулы ·№ 236 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О размере лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций
Атауы (қаз.)
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
236
Қабылданған күні
24.07.2003
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI16803_6.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002461_
ЭКБ идентификаторы
16803
Редакция идентификаторы
AI16803_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:06

0 Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң (бұдан әрi - банктер) арасында, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамы арасындағы, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - банктiк емес ұйымдар) арасында ашылған корреспонденттiк шоттар бойынша төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде туындайтын тәуекелдердi басқару мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Банктiң және банктiк емес ұйымның осы банк немесе банктiк емес ұйым және оның қарсы әрiптесi арасында ашылған корреспонденттiк шоттары арқылы ағымдағы айда жүзеге асырылатын төлемiнiң көлемi өткен ай үшiн "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының төлем жүйелерi арқылы жүзеге асырылған банктiң және банктiк емес ұйымның жiберiлетiн қолма-қол ақшасыз төлемнiң және ақша аударымдарының жалпы көлемiнiң 10%-тен аспайтын мөлшерде белгiленсiн.

2 2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

Қолданыстағы