Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Кобдинскому району

Қаулы · № 158 · қабылданған 11.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168089/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Кобдинскому району Қолданыста Қаулы ·№ 158 ·11.05.2022
14.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Кобдинскому району

Қолданыста Қаулы ·№ 158 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Кобдинскому району
Атауы (қаз.)
Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
158
Қабылданған күні
11.05.2022
Көрсетілген редакция
14.06.2022 168089_583048.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22CG00158A
ЭКБ идентификаторы
168089
Редакция идентификаторы
168089_583048
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:00

0 Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптары, Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталау нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қобда ауданы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

6 Қобда ауданы әкімдігінің

2022 жылғы «__» _________
№ _____ қаулысына қосымша
Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.

2 2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:

1 1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;

2 2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар.

Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.
Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.

3 3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.

2 2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

4 4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

5 5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

6 6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

7 7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

1 1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;

2 2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.

8 8. Халықтан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді:

тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады;
халқының саны 300-ден 500 мың адамға дейінгі елді мекендерде – 1 %;
тұрғындарының саны 500 мың адамнан асатын елді мекендерде – 0,5% (оның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

9 9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында Қобда ауданының әкімдігі коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

10 10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

11 11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.

12 12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.

13

13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.

14 14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді Қобда ауданының әкімдігі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.

15

15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және Қобда ауданының әкімдігі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.

16 16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса, көлем) енгізеді.

17 17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.

18

18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:

1 1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;

2 2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.

19 19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.

20 20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3 3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу

21 21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

1 1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт, м3):

Vконт = h*S
мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S – контейнер түбінің алаңы, м2;

2 2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

Vтәу = Vконт1 + Vконт2 + Vконт3….
мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

3 3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mконт = m3 - mп
мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
mп – қалдықтардан бос контейнердіңмассасы, кг;

4 4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mтәу = mконт1 + mконт2 + mконт3….
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3– контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

5 5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).

Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус = Vтәу1 + Vтәу2 +…. + Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

6 6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mмаус = mтәу1 + mтәу2+...+ mтәу7
мұндағы mтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

7 7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Көлемі бойынша (Vтм, м3)
Vтм = Vмаус/(nxa)
Массасы бойынша (mтм, кг):
mтм = mмаус /(nxa)
мұндағы n – маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
а – есептік бірліктің саны.

8 8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасы нанықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Көлем ібойынша (Vтом, м3):
Vтом = (Vктм + Vктм + Vжтм + Vкүтм)/n
Массасы бойынша (mтом, кг):
mтом = (m ктм + mктм + mжтм+mкүтм)/n
мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

9 9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Көлемі бойынша (V ж, м3):
V ж = V тож хnд
Массасы бойынша (mж, кг):
mж = mтож Xnк
мұндағы nк – жылдағы күннің саны.

22 22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік бір текті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

1 1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/ м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

gср = m/V,
мұндағы m және V – есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

2 2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық бір текті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Көлемі бойынша:
kбе = V ом /V ж
Массасы бойынша:
kбе = m ом /m ж

3 3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық бір тектіемес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Көлемі бойынша:
K мбе= V max.тәу,/V ом
Мұндағы V max.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының еңжоғарғы тәуліктік көлемі, м3
Массасы бойынша:
K сн= m max.тәу./m ом
Мұндағы m max.тәу.– маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының еңжоғарғы тәуліктік массасы, кг.

23 Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына
1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Ком­му­нал­дық қал­дық­тар жи­нақ­та­ла­тын объ­ек­ті­лер
Есеп­тік бір­лік
1
Жай­лы және жай­лы емес үй­лер
1 тұр­ғын
2
Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үй­ле­рі, қарт­тар үй­ле­рі және сол си­яқ­ты­лар
1 орын
3
Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі
1 орын
4
Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар
1 орын
5
Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, офи­стер, кең­се­лер, жи­нақ банк­те­рі, бай­ла­ныс бө­лім­ше­ле­рі
1 қыз­мет­кер
6
Ем­ха­на­лар
1 ке­ліп ке­ту
7
Ау­ру­ха­на­лар, өзге де ем­деу-са­уық­ты­ру ме­ке­ме­ле­рі
1 тө­сек -орын
8
Мек­теп­тер және өзге де оқу орын­да­ры
1 оқу­шы
9
Мей­рам­ха­на­лар, дәм­ха­на­лар, қо­ғам­дық та­мақ­та­ну ме­ке­ме­ле­рі
1 оты­ра­тын орын
10
Те­атр­лар, ки­но­те­атр­лар, кон­церт зал­да­ры, түн­гі клуб­тар, ой­ы­н­ха­на­лар, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның за­лы, мұ­ра­жай
1 оты­ра­тын орын
11
Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры
жо­ба бой­ын­ша 1 орын
12
Спорт­тық, би және ой­ын зал­да­ры
жал­пы ала­ңы 1м²
13
Азық-тү­лік, өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар дү­кен­де­рі, су­пер­мар­кет­тер
са­уда ала­ңы 1м²
14
Ба­зар­лар, са­уда па­ви­льон­да­ры, дүң­гір­шек­тер, сө­ре­лер
са­уда ала­ңы 1м²
15
Дә­рі­ха­на­лар
са­уда ала­ңы 1м²
16
Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­мо­биль­ді жуу орын­да­ры, АЖС, га­раж­дар
1 ма­ши­на-орын
17
Ав­то­мо­биль ше­бер­ха­на­ла­ры
1 жұ­мыс­шы
18
Ша­шта­раз­дар, кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар
1 жұ­мыс ор­ны
19
Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу орын­да­ры, тігін ате­лье­сі
жал­пы ала­ңы 1м²
20
Зер­гер­лік, аяқ ки­ім­ді, са­ғат­тар­ды жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
жал­пы ала­ңы 1м²
21
Мон­ша­лар, сау­на­лар
жал­пы ала­ңы 1м²
Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Елдімекен, аудан, облыс ____________________________________________
1. Мекенжайы _____________________________________________________
2. Қабаттылығы ___________________________________________________
3. Үйдің нөмірі ____________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ______________________________
5. Жайлылық деңгейі: ______________________________________________
а) су құбырының, газдың, кәріздіңболуы ______________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) _____________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ __________
г) қоқыс құбырының болуы _________________________________________
д) аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
жасыл екпелер бар _________________________________________________
жабыны қатты ____________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар _________________________________________
6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_________________________________
8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) _______________________________________________
9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ____________________________
_________________________________________________________________
10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________
________________________________________________________________
11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізілеме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Елдімекен, аудан, облыс ____________________________________________
1. Объектінің атауы ________________________________________________
2. Мекенжайы _____________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ___________________________________________________________
4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) ____________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ______________________________________
саудаалаңы ______________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң ________________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
Жасыл екпелер бар _________________________________________________
Жабын қатты ______________________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі __________________________________
11. Тамақ қалдықтарымен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________
12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ___________________________ _________________________________________________________________
13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________
_________________________________________________________________
14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына
3-қосымша
Формасы
Бастапқы жазба бланкісі
Кон­тей­нер­дің р/с №
Жи­нал­ған қал­дық­тар қа­ба­ты­ның би­ік­ті­гі, һ, м
Кон­тей­нер негі­зі­нің ала­ңы, S, м2
Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың кө­ле­мі, V, h*S, м3
Қал­дық­тар ти­ел­ген кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), m3, кг
Бос кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), m П, кг
Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың мас­са­сы, mконт, m3 - m П
1
2
...
Тәу­лік ішін­де­гі жиы­ны
V тәу
М тәу
Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін
Жайлылық типі ___________________________________________
Ап­та­ның күн­де­рі
Объ­ек­ті­нің ата­уы
Объ­ек­ті­нің қыз­мет тү­рі
Есеп­тік бір­лік­тің са­ны
Жи­нақ­тал­ған ком­му­нал­дық қал­дық­тар­дың кө­ле­мі/мас­са­сы
Ор­та­ша тығ­ы­зды­ғы, кг/м3
Бар­лы­ғы қай­та­ла­ма ши­кі­зат ірік­теп алын­ды (бө­лек жи­на­ған кез­де)
жал­пы
1 есеп­тік бір­лік­ке
кг
м3
кг
м3
кг
м3
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі ______________________________________________
Объ­ект
Ай
Өл­ше­не­тін бір­лік­тің са­ны
Қал­дық­тар­дың жи­на­луы
Бір­тек­ті емес ко­эф­фи­ци­ент
Бө­лек жи­нау, кг
жал­пы
өл­ше­не­тін 1 бір­лік­ке
жал­пы
1 өл­ше­не­тін бір­лік­ке
м3
кг
м3
кг
м3
кг
м3
кг
м3
кг
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Барлығы ____________
Тәулігіне орташа _______________
Қолдары ______________
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы __________________________________

Қолданыстағы