Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Станционный

Өзге акт · № С-17/10 · қабылданған 16.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168092/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Станционный Қолданыста Өзге акт ·№ С-17/10 ·16.05.2022
16.05.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Станционный

Қолданыста Өзге акт ·№ С-17/10 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Станционный
Атауы (қаз.)
Станционный кентінің аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
С-17/10
Қабылданған күні
16.05.2022
Көрсетілген редакция
16.05.2022 168092_575423.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22BA01710M
ЭКБ идентификаторы
168092
Редакция идентификаторы
168092_575423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:55

0 Станционный кентінің аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Станционный кентінің аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Станционный кентінің аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

Көкшетау қалалық мәслихатының
2022 жылғы 16 мамырдағы
№ С-17/10 шешімімен
бекітілген
Станционный кентінің аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Станционный кентінің аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына әзірленді және кент, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – кент, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге (кент, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кенттің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6 6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы кент әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Кент, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді кент әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кент әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Кент әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Көкшетау қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Станционный кенті әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы