О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Производственно-эксплуатационное объединение" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Производственно-эксплуатационное объединение" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 906
- Қабылданған күні
- 07.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI16811_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000906_
- ЭКБ идентификаторы
- 16811
- Редакция идентификаторы
- AI16811_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:58
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Баспалар үйi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1 1) Жарғыны бекiту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру деп айқындасын;
2 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3 3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
3 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
8 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 8 қыркүйектегі
N 906 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-84-жолмен толықтырылсын:
123-84 "123-84. "Баспалар үйi" АҚ".
3 3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулыға қоса берiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-23-жолмен толықтырылсын: