Об утверждении Правил обращения с дикими животными в неволе и (или) полувольных условиях, возврат которых в среду их обитания невозможен
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил обращения с дикими животными в неволе и (или) полувольных условиях, возврат которых в среду их обитания невозможен
- Атауы (қаз.)
- Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 23.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2022 168114_577139.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028195
- ЭКБ идентификаторы
- 168114
- Редакция идентификаторы
- 168114_577139
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:48
0 Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
8 Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 176 бұйрығымен
бекітілген
Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидалары
2 2-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидалар жабайы жануарларды, оның ішінде хайуанаттар парктерінде, цирктерде, дельфинарийлерде, океанариумдарда күтіп-бағуды және пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1 1) жабайы жануарлар – жабайы табиғат табиғи мекендеу ортасы болып табылатын, оның ішінде еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар;
2
2) жануарларға арналған оңалту орталығы – жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға не табиғи мекендеу ортасына қайтарылуға жататын немесе жатпайтын, тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған, табиғи жағдайларда тіршілік ете алмайтын жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) шектеулі қабылдауға, емдеуге, уақытша ұстауға, оңалтуға және бейімдеуге арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
3 3) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган – жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
4 4) комиссия – жабайы жануарларды өздері мекендейтін ортаға қайтару мүмкін болмайтын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті орган құратын комиссия.
2 2-тарау. Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау тәртібі
4
4. Жабайы жануарларды мәдени ойын-сауық мақсаттарында нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкін болмаған жағдайда немесе жабайы жануарлардың иелері және (немесе) жауапты адамдар оларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындаудан бас тарту кезінде, жабайы жануардың иесі және (немесе) жауапты адам уәкілетті органға еркін нысанда өтініш береді (бұдан әрі – өтінім).
5 5. Уәкілетті орган жабайы жануарды күтіп-бағуға қажетті жағдай жасауға қабілетті жеке немесе заңды тұлғаларға беруді қарау үшін комиссия құрады.
6 6. Комиссия өтініш түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құрылады. Комиссия құрамына уәкілетті органның, ғылыми ұйымдардың, ветеринариялық қызметтердің 1 (бір) өкілі, қоғамдық инспекторлар және жабайы жануарларға жауапты қарау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
7 7. Комиссия жабайы жануарларды тұтқында ұстау туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды, оларды мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес.
8 8. Комиссия шешімінде мыналар көрсетіледі:
1
1) Жабайы жануарлардың түрі мен саны және олардың жеке белгілері (жынысы, есепке алу бұйымы (құралы), лақап аты, белгілері (бар болса), сондай-ақ ықтимал морфологиялық ерекшеліктері), жабайы жануарлардың мәртебесі туралы мәліметтер (иелері меншік құқығынан бас тартқан тәркіленген, табылған, жабайы жануарлар);
2 2) жабайы жануарларды тәркілеу негізі;
3 3) жабайы жануардың денсаулық жағдайы;
4 4) күтіп-бағуға қажетті жағдай жасауға қабілетті жеке немесе заңды тұлғаларды күтіп-бағу орнының атауы және есептік нөмірі;
5 5) жабайы жануарларды үйреншікті мекендеу ортасына қайтару шарттары болуға тиіс.
6 6) жануарлардың иесінің жоқтығы туралы мәлімет.
9
9. Тәркіленген, табылған, жарақаттанған жабайы жануарларды, сондай-ақ иесі жоқ, оларды мекендеу ортасына қайтару мүмкін болмайтын жабайы жануарларды алып қоюды жүзеге асырған лауазымды адам осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-беру актісін қалыптастыру арқылы уақытша күтіп-бағуға комиссия шешім қабылдағанға дейін береді.
10 10. Жабайы жануарларды мекендеу ортасына қайтару мүмкін болмаған жағдайда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-беру актісінің негізінде өтеусіз пайдалану шарты бойынша ұстау орындарына, жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі.
1 АКТ қабылдау-тапсыру
Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
АКТ
қабылдау-тапсыру
№_____
күні: ___ ________ ____ г.
Жануарды берген заңды тұлғаның БСН және атауы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жануарды берген адамның тегі және аты, әкесінің аты (бар болса):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жануарды қабылдаған заңды тұлғаның БСН және атауы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жануарды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты (бар болса):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қабылдау-тапсыру мақсаты: __________________________________________
Берілетін жануарлардың түрі: _________________________________________
Берілетін жануарлар саны:____________________________________________
Берілетін жануарлардың жеке белгілері: ________________________________
Тәркілеу негізі: _____________________________________________________
Тапсырды ТАӘ
Беру күні:
Қабылдады ТАӘ
Қабылдау күні: