Места размещения нестационарных торговых объектов на территории Илийского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Места размещения нестационарных торговых объектов на территории Илийского района
- Атауы (қаз.)
- Іле ауданы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналасу орындары
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 175
- Қабылданған күні
- 19.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2022 168139_577795.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22DJ028214
- ЭКБ идентификаторы
- 168139
- Редакция идентификаторы
- 168139_577795
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:51
0 Іле ауданы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналасу орындары
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес, Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Іле ауданы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналасу орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы Іле ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күнөткен соң қолданысқа еңгізіледі.
4 Іле ауданының әкімдігінің
2022 жылғы 19 мамырдағы
№ 175 Қаулысына қосымша
Іле ауданы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналасу орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Қызмет салалары
Алып жатқан аумағы (шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
Жақын орналасқан инфрақұрылымдар
1
Боралдай кенті, Алатау көшесі, № 55, 56 үйлердің оң жағы
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
500
3
«Қайсар» сауда үйі
2
Жетіген ауылы, «Алматы-Жетіген» тас жолының сол жағы
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
2105
3
Жоқ
3
М.Түймебаев ауылы Алматинская көшесі, «Лидер» дүкенінің сол жағы
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
1228
3
«Алатау-Құс» фирмалық дүкендер желісі
4
Н.Тлендиев ауылы, «Байсерке-Шиликемер-Чапай» тас жолы, «Berish» көлік жуу ғимаратына қарама-қарсы
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
8500
3
Жоқ