Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил удостоверения полномочий представителей общественных объединений Республики Казахстан, наблюдателей от иностранных государств и международных организаций при проведении республиканского референдума

Қаулы · № 40/501 · қабылданған 26.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168185/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил удостоверения полномочий представителей общественных объединений Республики Казахстан, наблюдателей от иностранных государств и международных организаций при проведении республиканского референдума Күшін жойған Қаулы ·№ 40/501 ·26.05.2022
16.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил удостоверения полномочий представителей общественных объединений Республики Казахстан, наблюдателей от иностранных государств и международных организаций при проведении республиканского референдума

Күшін жойған Қаулы ·№ 40/501 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил удостоверения полномочий представителей общественных объединений Республики Казахстан, наблюдателей от иностранных государств и международных организаций при проведении республиканского референдума
Атауы (қаз.)
Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40/501
Қабылданған күні
26.05.2022
Көрсетілген редакция
16.09.2024 168185_720329.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028238
ЭКБ идентификаторы
168185
Редакция идентификаторы
168185_720329
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:45

0 Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Референдум комиссиялары республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылармен жұмыста осы қаулыны басшылыққа алсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 40/501 қаулысымен
бекітілген
Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру тәртібін айқындайды.

2 2. Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылар республикалық референдум өткізілетін күні дауыс беруге арналған учаскелерде қатыса алады.

2 2-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің өкілеттіктерін куәландыру

3 3. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған учаскеге өкілдерді жіберетін қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелуге тиіс.

4 4. Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ғана қоғамдық бірлестіктің өкілі бола алады.

5 5. Қоғамдық бірлестік өкілінің өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылады. Бұл құжат өкілін жіберген қоғамдық бірлестіктің мөрімен расталады.

6 6. Өкілеттіктері туралы құжат учаскелік референдум комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға қоғамдық бірлестік өкілінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы тіркеу үшін ұсынылады.

7 7. Бір қоғамдық бірлестіктен бір мезгілде дауыс беруге арналған учаскеде бір өкіл болуы мүмкін.

3 3-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру

8 8. Шет мемлекет пен халықаралық ұйымнан байқаушының өкілеттіктері Орталық референдум комиссиясы берген аккредиттеу куәлігімен куәландырылады.

9 9. Аккредиттеу куәлігі учаскелік референдум комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға шет мемлекет пен халықаралық ұйымнан байқаушының жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы тіркеу үшін ұсынылады.

4 4-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру учаскесінде тіркеудің күшін жою

10

10. Қоғамдық бірлестіктің өкілі, шет мемлекеттен және халықаралық ұйымнан байқаушы учаскелік референдум комиссиясының жұмысына араласқан, учаскелік референдум комиссиясы белгілейтін дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидаларын бұзған жағдайда тиісті учаскелік референдум комиссиясы дауыс беруге арналған учаскеде қоғамдық бірлестіктің өкілін, шет мемлекеттен және халықаралық ұйымнан байқаушыны тіркеудің күшін жояды.

Қолданыстағы