Об утверждении Правил формирования и ведения дакто-, фотоучетов трудового иммигранта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования и ведения дакто-, фотоучетов трудового иммигранта
- Атауы (қаз.)
- Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 403
- Қабылданған күні
- 30.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2022 168302_578779.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028273
- ЭКБ идентификаторы
- 168302
- Редакция идентификаторы
- 168302_578779
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:39
0 Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 403 бұйрығымен
бекітілген
Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін
қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу үшін ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
2 2. Ішкі істер органдары жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына келген еңбекші көшіп келушілердің қатарынан дакто-, фотоесептерін қалыптастырады.
3
3. Еңбекші көшіп келушілердің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 75 қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9662 болып тіркелген) бекітілген Ішкі істер органдарында жедел-криминалистік қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4
4. Еңбекші көшіп келушінің дакто-, фотоесептерінің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы анықтамамен екі данада ресімделеді, бірінші данасы деректер базасын қалыптастыру және есептер бойынша тексеру үшін жедел-криминалистикалық бөліністе қалады, екіншісі еңбекші көшіп келушіге беріледі.
1 Дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы АНЫҚТАМА
Еңбекші көшіп келушілерді
дакто-, фотоесептерін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
қосымша
Нысан
Дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы
АНЫҚТАМА
_____________________________________________________________________ берілді.
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), туған күні)
Азаматтығы __________________________________________________________________
Жынысы _____________________________________________________________________
Уақытша тұратын жері бойынша мәліметтер _______________________________________
______________________________________________________________________________
Ішкі істер органының атауы ______________________________________________________
______________________________________________________________________________
Дактилоскопиялауды жүргізген ___________________________________________________
(қызметкердің лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)
______________________________________________________________________________
_________________________________________________
(дактилоскопия жүргізілген күні) (қолы).