Некоторые вопросы обеспечения безопасности объектов, подлежащих государственной охране
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы обеспечения безопасности объектов, подлежащих государственной охране
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік күзетiлуі тиiс объектiлердiң қауіпсіздігін қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 901
- Қабылданған күні
- 03.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2014 AI16833_25.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000901_
- ЭКБ идентификаторы
- 16833
- Редакция идентификаторы
- AI16833_25
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:59
0 Мемлекеттік күзетiлуі тиiс объектiлердiң қауіпсіздігін қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiлiп отырған:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1151 (2012.01.21 бастап күшіне енеді) Қаулысымен;
2 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесi бекiтілсiн.
2
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп үш ай мерзiмде Стратегиялық объектiлердiң тiзбесiн әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiм бойынша 2005 жылғы қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебiнен iшкі iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттiк мекемелерiн қаржыландыруға көшiрудi ескере отырып, осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген объектiлердi мемлекеттiк күзетудi 2005-2006 жылдары кезең-кезеңiмен енгiзу жоспары бекiтілсiн.
4
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлiгiмен бiрлесiп төрт ай мерзiмде Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектілерiн және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтау мен инженерлiк-техникалық нығайту жөнiндегi техникалық талаптарды белгiлейтiн мемлекеттiк нормативтердi әзiрлесiн және қолданысқа енгiзсiн.
5 5. Бекiтiлген техникалық талаптарға сәйкес мемлекеттiк күзетілуi тиiс объектiлердi инженерлiк-техникалық нығайтудың әрi қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтаудың мынадай мерзiмдерi белгiленсiн:
1 1) меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн, өз қаражаты есебiнен 2005 жылдың аяғына дейiн;
2 2) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшiн, кезең-кезеңiмен, 2006 жылдың аяғына дейiн.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
0 Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердi белгiлеу Ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 4 қыркүйектегі
N 901 қаулысымен
бекітілген
Қызмет бабында пайдалану үшін
Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердi белгiлеу Ережесі
1 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнің тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 4 қыркүйектегі
N 901 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнің тiзбесi
Қызмет бабында пайдалану үшін