Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах регулирования вывоза полиэтилентерефталат отходов

Бұйрық · № 289 · қабылданған 27.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168396/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах регулирования вывоза полиэтилентерефталат отходов Қолданыста Бұйрық ·№ 289 ·27.05.2022
27.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах регулирования вывоза полиэтилентерефталат отходов

Қолданыста Бұйрық ·№ 289 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах регулирования вывоза полиэтилентерефталат отходов
Атауы (қаз.)
Полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
289
Қабылданған күні
27.05.2022
Көрсетілген редакция
27.05.2022 168396_582050.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028323
ЭКБ идентификаторы
168396
Редакция идентификаторы
168396_582050
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:41

0 Полиэтилентерефталат қалдықтарын

әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағынан сыйымдылығы 2 л-ден аспайтын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 3923 30 10 90 (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды); сыйымдылығы 2 л-ден асатын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923 30 90 90); пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3915 90 11 00) алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2 2) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне:

осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыру;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілуі туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына енгізу қажеттілігі туралы хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы