Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 750
- Қабылданған күні
- 18.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2022 168516_578452.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NA00750A
- ЭКБ идентификаторы
- 168516
- Редакция идентификаторы
- 168516_578452
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:25
0 Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 817 қорытындысы, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 282, 283 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «VEKГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.
2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 «VEKГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Әкімдіктің
2022 жылғы 18 сәуірдегі
№ 750 қаулысына
қосымша
«VEKГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1 1) Қостанай қ, 8 шағын ауданы, В. Интернационалистов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0065 гектар, су құбырының сыртқы желілері «Қостанай қаласы, В. Интернационалистов көшесі, 8 шағын ауданы мекенжайы бойынша тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялардың құрылысы» объектісі үшін;
2
2) Қостанай қ, 8 шағын ауданы, В. Интернационалистов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0015 гектар, жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері «Қостанай қаласы, В. Интернационалистов көшесі, 8 шағын ауданы мекенжайы бойынша тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялардың құрылысы» объектісі үшін.