Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов

Бұйрық · № 202 · қабылданған 03.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168551/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста Бұйрық ·№ 202 ·03.06.2022
03.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов

Қолданыста Бұйрық ·№ 202 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
202
Қабылданған күні
03.06.2022
Көрсетілген редакция
03.06.2022 168551_578208.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028375
ЭКБ идентификаторы
168551
Редакция идентификаторы
168551_578208
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:35

0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
2022 жылғы 3 маусымдағы № 202
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі

1

1. «Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 78-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7600 болып тіркелген).

2

2. «Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 78-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 178 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13741 болып тіркелген).

3

3. «Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларын оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 78-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 348 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17418 болып тіркелген).

Қолданыстағы