Бұқар жырау ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың
Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» № 357-1 Заңын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» № 1408 қаулысына сәйкес, Бұқар жырау ауданы әкімияты қаулы етеді:
Бұқар жырау ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы от 11.08.2003 г. № 33/4 (Бұқар жырау ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шайза Молдабекқызы Түсіпбаеваға жүктелсін.
Аудан әкімиятының
«Бұқар жырау ауданы әкімияты
резервінің қаражатын
пайдаланудың
Қағидасын бекіту туралы»
2003 жылғы 12 тамыз
№ 33/4 қаулысымен бекітілген
Бұқар жырау ауданы әкімияты резервінің
қаражатын пайдаланудың
Қағидасы
Осы Қағида Бұқар жырау ауданы әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Аудан әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімияты резервінің құрамындағы қаражат - аудан әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат;
аудан әкімияты резервінің қаражатын алушы - аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі.
2. Аудан әкімияты резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға келесі шаралар жатады:
1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұған кіретіндер:
төтенше жағдайлардын пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтарымен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету,
2) сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
3) аудан әкімиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар.
2. Аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің
және пайдаланудың тәртібі
3. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлуді, аудан әкімиятының каулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде Қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ, қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
4. Аудан әкімиятының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Қағида мен аудан әкімиятының резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
5. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар ескеріледі:
1) аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бөлінетін ақшаның болмауы;
2) сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
6. Резервтен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысы, аудан әкімиятының тиісті қаулысы негізінде жыл аяқталғанға дейін күшін жояды.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
жоюға қаражат бөлу
7. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандардың әкімияттарының резерв қаражаттары есебінен қаржыландырылуы тиісті.
8. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқындалған тәртіппен берілетін негізделген материалдар мен олардың тізімдемелерін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарайды және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет кезде қаржы бөлімінің келісімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын аудан әкімі аппаратына тапсырады.
4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімияты
мен атқарушы органдарының міндеттемелерін
өтеуге қаражат бөлу
9. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының, атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда аудан әкімиятының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда, сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетгі аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар аталған шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс.
Атқарушы органдар шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін аудандық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс.
Атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ, өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға «Әкімшілік шығыстар» бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді.
10. Аудан әкімиятының міндеттемелерін өтеуге аудан әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен қаржы бөлімі дайындайды.
11. Атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысының жобасын тиісті атқарушы органдар белгіленген заңдылықтар тәртібімен қаржы бөлімімен келісіп дайындайды және аудан әкімиятына тапсырады.
5. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
12. Аудан әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
13. Қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі, не болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Қаржы жылының ішінде қаражатты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға тиімді бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде, аудан әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір шымдағы тоқсанда аудан бюджетінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-нен аспауы тиіс. Бұл ретте аудан әкімиятының резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.
14. Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда, аудан әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен қаржы бөлімімен келісіп, осы аудаңдық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі дайындайды.
15. Аудан әкімінің өтініші бойьшша оң қорытынды болған жағдайда, аудан әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен қаржы бөлімі дайындайды.
6. Бақылау және есептілік
16. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар қаржы бөлімі белгілеген тәртіппен және уакытында олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен кұны туралы есеп беруі тиіс.
17. Қаржы бөлімі аудан әкімиятының резерв қаражатын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдықтары туралы аудан әкімиятына ай сайын ақпарат тапсырады.
18. Аудан әкімиятының резервінен бөлінетін қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіппен жауап береді.
19. Аудан әкімиятының резервінен қаражатты мақсатқа пайдалануға бақылау жасауды қаржы бөлімі жүзеге асырады.