Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов

Бұйрық · № 322 · қабылданған 07.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168616/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов Қолданыста Бұйрық ·№ 322 ·07.06.2022
07.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов

Қолданыста Бұйрық ·№ 322 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов
Атауы (қаз.)
Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
322
Қабылданған күні
07.06.2022
Көрсетілген редакция
07.06.2022 168616_577955.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028404
ЭКБ идентификаторы
168616
Редакция идентификаторы
168616_577955
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:33

0 Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді

реттеудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін;

2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қолдану туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» (келісім бойынша) акционерлік қоғамын;

3 3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне белгіленген тәртіппен:

осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыру;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілуі туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына енгізу қажеттігі туралы хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы