Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 1092 · қабылданған 31.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168639/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 1092 ·31.05.2022
31.05.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 1092 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1092
Қабылданған күні
31.05.2022
Көрсетілген редакция
31.05.2022 168639_578812.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NA01092A
ЭКБ идентификаторы
168639
Редакция идентификаторы
168639_578812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:38

0 Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 826 қорытындысы, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 530 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Рауф Джали-Оглы Гусейновке сыртқы газ құбырының коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау, жүргізу және салу үшін Қостанай қаласы, Узкоколейная көшесі, 43 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,1489 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы