Құжат мәтініне өту

Об установлении публичных сервитутов на земельные участки

Қаулы · № 1081 · қабылданған 31.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168641/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичных сервитутов на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 1081 ·31.05.2022
31.05.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичных сервитутов на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 1081 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичных сервитутов на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1081
Қабылданған күні
31.05.2022
Көрсетілген редакция
31.05.2022 168641_578814.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NA01081A
ЭКБ идентификаторы
168641
Редакция идентификаторы
168641_578814
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:38

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 824 қорытындысы, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 498, 499 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Symphony Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне инженерлік желілерді (су құбыры, кәріз) жүргізу үшін Қостанай қаласы, Жамбыл көшесі, БЖ бойынша 1, БЖ бойынша 2 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін, алаңы:

0,0076 гектар;
0,0210 гектар.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы