Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № 3 · қабылданған 20.05.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16868/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 3 ·20.05.2003
20.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
20.05.2003
Көрсетілген редакция
20.03.2009 AI16868_4.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03PG001879
ЭКБ идентификаторы
16868
Редакция идентификаторы
AI16868_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:20

0 Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Тұрғындарды еңбекпен қамту туралы" Заңының 5, 9 бабы бойынша, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) 14) тармақшаларына сәйкес, және мақсаты тобына енетiн тұлғаларды әлеуметтiк қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi, ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекiтiлсiн.

2 2. Қосымшаға сәйкес ауданның жұмыспен қамту бөлiмiнiң тарапынан жолданатын мақсатты топқа енетiн жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында кәсiпорындар мен ұйымдар (барлық меншiк нысандары) тiзбесiн анықтау ауылдық округтерiнiң әкiмдерiне жүктелсiн.

3 3. әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру жағы жұмыс берушiлер мен аудандық бюджет есебiнен белгiленсiн.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Н. Воронинге жүктелсiн.

5 Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру Қағидасы

№ 159/3 2003 жылдың 21 мамыр
Ертiс ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысымен бекiтiлдi
"Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру Қағидасы
Атаулы көмек алатындар және мақсатты топқа кiретiн жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру тәртiбiн осы қағида анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орнын беретiн ұйымдармен (меншiк нысанына қарамай) есеп айырысу жүйесiн және негiзгi шарттарын реттейдi.

1 1. Жалпы қағидалар

1 1. Осы қағидада қолданылатын негiзгi түсiнiктер:

1

1) Жұмыс орыны ол әлеуметтiк жұмыс орыны, өкiлеттi орындарда тiркелген жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушiлерде құрылатын немесе берiлетiн, аудан бюджетiнің қаржы есебiнен, жұмысқа алынғандардың еңбегiн төлеуге жұмыс берушiлердiң шығынын толық немесе жарым-жартылай өтеу арқылы ұйымдастырылады.

2 2) Мақсатты топтар - ол "Жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген топтар, әлеуметтiк көмекке және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдар.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарды, қауiпсiздендiру және зейнеттiк қамсыздандыру "Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының заң актiлерi бойынша реттеледi.

3 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасу өкiлеттi орындары жолдама беру арқылы iске асырылады.

2 2. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртiбi

4 4. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн кәсiпорындар мен ұйымдарда әлеуметтiк жұмыс орындары құрылады немесе берiледi, осы жұмыс орындарына алынғандардың еңбек ақысы жартылай төлем ақы беру жағдайында шешiледi.

5 5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру кезiнде кәсiпорындардың тiзбесiн анықтағанда екi жақты келiсiмге сәйкес әлеуметтiк жұмыс орындарына алынған жұмыскерлердi әрi қарай үнемi жұмысқа орналастыру үшiн кепiлдеме берген кәсiпорындарға айырықша көңiл бөлiнедi.

6 6. Жұмыссыздардың келiсiмiмен әлеуметтiк жұмыс орындарына жолдама аудандық өкiлеттi орындарында берiледi.

7 7. Кәсiпорындар мен ұйымдарда жұмысқа алынған жұмыссыздар жұмыстылық жөнiндегi өкiлеттi орыннан есептен алынады.

8 8. Қазақстан Республикасының құқықтық актiлерi мен әрекеттелген заңдарына сәйкес әлеуметтiк жұмыс орындарына алынған жұмыскерлердiң еңбек ақысының мөлшерi тағайындалады.

3 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру шарты және қаржы көздерi

9 9. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көзi аудан бюджетi мен жұмыс берушiлердiң қаражаты.

10 10. Әлеуметтiк жұмыс орнын қаржыландыру "Жұмыспен қамту" бағдарламасы»010 бағдарламасы бойынша "Тұрғындарды жұмыспен қамту" саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар» 103 бағдарламаша арқылы жүзеге асырылады.

11

11. Республика бойынша белгiленген төмен еңбек ақыдан жоғары емес, әлеуметтiк жұмыс орындарына орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушiлердiң шығындары белгiленген еңбек ақының 50 процент немесе жарым-жартылай 50 ден 100 % көлемiнде аудан бюджет қаржысынан өтеледi. Есептесу жұмыс берушiлердiң есеп шотына бюджет қаражатын аудару арқылы жасалады.

12 12. Жұмыстылық жөнiндегi өкiлеттi орын әлеуметтiк жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбектерiн төлеу үшiн компенсация ретiнде жарым-жартылай қаржыландыру негiзiнде жұмыс берушiлермен 12 айға дейінгі мерзімге келiсiм жасайды.

23 № 159/3 2003 жылдың 21 мамыр

Ертiс ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысымен бекiтiлдi
"Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"

24 Ауылдық округтерi бойынша

аудан бюджетiнен бөлiнген
қаражаттар сомасы мен әлеуметтiк
жұмыс орындарына жiберiлетiн
жұмыссыздардың саны
Рет
саны
Ауыл округтерiнiң атаулары
Әлеуметтiк
жұмыс
орындарын
құру саны
Жалпы
қаржыландыру  мөлшерi
(мың теңге)
1
2
3
4
1
Абай
-
-
2
Ағашорын
4
158,4
3
Аманкелдi
1
39,6
4
Байзақов
2
79,2
5
Қоскөл
2
79,2
6
Қарақұдық
2
79,2
7
Қызылжар
2
79,2
8
Қосағаш
2
79,2
9
Қызылқақ
-
-
10
Ленин селосы
16
633,6
11
Луговой
-
-
12
Майқоңыр
-
-
13
Панфилов
2
79,2
14
Сiлетi
-
-
15
Северный
2
79,2
16
Тоқта
6
237,6
17
Ұзынсу
4
158,4
18
Ертiс
25
990,0
Барлығы:
70
2772,0

Қолданыстағы