Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Акжарском районе Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21-16
- Қабылданған күні
- 09.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2024 168718_682700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22SD02116M
- ЭКБ идентификаторы
- 168718
- Редакция идентификаторы
- 168718_682700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:30
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихатының
2022 жылғы «09» маусым № 21-16
шешімімен бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында ауыл, ауылдық округ, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2 2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
3 3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5 5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6
6. Ауылдық округ әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар, азаматтар көп жиналатын орындардағы хабарландырулар арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ауылдық округтің тұрғындарын хабардар етеді.
7 7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі олардың тұратын жерлері шегінде ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
8
8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9 9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.