Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Кыргызской Республики об оказании военно-технического содействия в обеспечении безопасности Центральноазиатского региона

Заң · № 126-VII · қабылданған 11.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168818/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Кыргызской Республики об оказании военно-технического содействия в обеспечении безопасности Центральноазиатского региона Қолданыста Заң ·№ 126-VII ·11.06.2022
11.06.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Кыргызской Республики об оказании военно-технического содействия в обеспечении безопасности Центральноазиатского региона

Қолданыста Заң ·№ 126-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Кыргызской Республики об оказании военно-технического содействия в обеспечении безопасности Центральноазиатского региона
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
126-VII
Қабылданған күні
11.06.2022
Көрсетілген редакция
11.06.2022 168818_580746.kaz
Соңғы өзгеріс
11.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2200000126
ЭКБ идентификаторы
168818
Редакция идентификаторы
168818_580746
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:28

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы

2021 жылғы 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті (бұдан әрі - Тараптар)
қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастарды және әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,
1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы шарттың ережелерін ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Қазақстан Тарапы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін және қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында Қырғыз Тарапына әскери мүлікті өтеусіз беру түрінде әскери-техникалық жәрдем көрсетеді.
Әскери мүліктің атаулары мен көлемдерін осы Келісімге қол қойылғаннан кейін 2 ай мерзімде Тараптардың уәкілетті органдары дипломатиялық арналар арқылы келіседі.
Қырғыз Тарапы Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті тек қана осы Келісімнің мақсатында пайдаланады, үшінші Тарапқа бермейді және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды.

2 2-бап

Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қырғыз Тарапынан - Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3 3-бап

Қазақстан Тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына (Қой-Таш елді мекені) дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер актіні ресімдей отырып, әскери мүлікті қабылдау-беруді жүргізеді. Қой-Таш елді мекеніне дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан Тарапы төлейді.

4 4-бап

Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамалармен ресімделеді.

5 5-бап

Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты даулы мәселелер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

6 6-бап

Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Тарапының жазбаша хабарламасын Қырғыз Тарапы дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Қырғыз Тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген сәттен бастап өз қолданысын тоқтатады, оны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы растайды.
2021 жылғы "7" желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Министрлер Кабинеті Үшін

Қолданыстағы