Құжат мәтініне өту

О "Положении о комиссии по вопросам благоустройства города Костаная"

Қаулы · № 669 · қабылданған 10.08.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16887/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О "Положении о комиссии по вопросам благоустройства города Костаная" Күшін жойған Қаулы ·№ 669 ·10.08.2003
10.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О "Положении о комиссии по вопросам благоустройства города Костаная"

Күшін жойған Қаулы ·№ 669 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О "Положении о комиссии по вопросам благоустройства города Костаная"
Атауы (қаз.)
"Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережесі" туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
669
Қабылданған күні
10.08.2003
Көрсетілген редакция
10.12.2012 AI16887_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03NA002453
ЭКБ идентификаторы
16887
Редакция идентификаторы
AI16887_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:04

0 "Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережесі"

туралы
"Қостанай Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 16-тармағына және қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 13 маусымдағы шешімімен, тіркеу нөмірі 2344, бекітілген "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелеріне" сәйкес Қостанай қаласы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы" бекітілсін (№ 1 қосымша).

2 2. Қостанай қаласында жасыл желектерді шығарып тастауға, басқа жерге отырғызуға, кесуге рұқсат беру жөніндегі уәкілетті органы болып "Қостанай қаласының коммуналдық шаруашылық және техникалық қадағалау басқармасы" Мемлекеттік мекемесі (Л.П. Мальцева) болып анықталсын.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

4 Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережесі

Қостанай қаласы әкімиятының
2003 жылғы 11 тамыздағы
№ 669 қаулысына
№ 1-қосымша
Қостанай қаласын көріктендіру
мәселелері жөніндегі комиссия туралы
Ережесі
Осы Ереже Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелерін белгілейді.

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) Қостанай қаласы әкімиятының қаулысы негізінде Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөнінде меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың іс-әрекеттерін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру және реттеу мақсатында құрылған.

2 2. Комиссияның құрамы қалалық Мәслихатының сессиясында бекітіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санында болу керек.

3 3. Комиссия жұмысын төраға басқарады, төраға болмағанда оның міндеттерін орынбасары орындайды.

4 4. Комиссия өз қызметінде қолданылып жүрген заңдарын басшылыққа алады және өз қызметін осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2 2. Негізгі мақсаттар мен міндеттер

5

5. Комиссияның мақсаты қала аумағында адамның ыңғайлы, комфорттық және қауіпсіз ететін элементтер мен жұмыстардың кешенін қамтамасыз етуі болып табылады. Осы жұмыстардың кешені көріктендіру объектілері мен элементтерінің ұйымдастыруын, күтіп ұстауын, пайдалануын, жөндеуін және қорғауын мына негізгі бағыттар бойынша қарастырады:

1 1) инженерлік көріктендіру.

2 2) сыртқы-эстетикалық көріктендіру.

3 3) санитарлық көріктендіру.

4 4) көгалдандыру.

6 6. Комиссия міндеттеріне мыналар жатады:

1 1) қаланың инженерлік желілері мен ғимараттарын күтіп ұстау және техникалық жағдайы бойынша даулы мәселелерді қарау.

2 2) сыртқы-эстетикалық көріктендіру объектілерін орнату, күтіп ұстау және өзгерту жөніндегі даулы мәселелерді қарау.

3 3) тұрғын үй қорының үй жанындағы аумақтарды және тұрғын емес мақсаттағы ғимараттары жанындағы аумақтарды сыртқы-эстетикалық ресімдеу және олардың жағдайы жөніндегі даулы мәселелерді қарау.

4 4) қаланы санитарлық тазалау айлықтарын өткізу кезінде аумақтарды бекіту жөніндегі даулы мәселелерді қарау.

5 5) қаланың санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын қарау.

6 6) Қостанай қаласының жасыл желектерін шығарып тастау, басқа жерге отырғызу, кесу қажеттілігі туралы өтініштерді қарау және қорытындылар беру.

3 3. Қызметті қамтамасыз ету және жауапкершілік

7 7. Комиссия отырыстары қажеттілікке орай, өтініштер болса өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.

8 8. Комиссияның өз қызметінде консультацияларды алу мақсатында белгіленген салада арнайы білімі бар мамандарды тартуға құқығы бар.

9 9. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған комиссия мүшелерінің қатысқандар санынан дауыс көпшілігі берілген болса қабылданған болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі қорытынды түрде ресімделеді.

10 10. Комиссия қабылданған шешімдері үшін, оның құрамын бекіткен органы алдында алқалы жауапкершілік атқарады және комиссияның әр мүшесі комиссияның өкілеттіктері бойынша жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға есептілі емес.

11 11. Комиссия қорытындысын заң белгілеген тәртіппен шағымдануға болады.

12 12. Комиссия төрағасы комиссия жұмысының нәтижелері туралы Мәслихаттың кезекті сессияларында есеп береді.

13 13. Комиссия хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстар тәртібін қалыптастырады, комиссия мүшелерінің өзара іс-әрекетін ұйымдастырады және іс жүргізу үшін жауапты болады. Комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.

Қолданыстағы