О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 922
- Қабылданған күні
- 11.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2016 AI16892_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000922_
- ЭКБ идентификаторы
- 16892
- Редакция идентификаторы
- AI16892_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:58
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
3 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 922 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1 1. "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 маусымдағы N 878 қаулысына:
3-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Табиғи ресурстар және" деген сөздер алынып тасталсын, "қоршаған" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарында:
құжаттың мәтiнiнде пайдаланылған қысқартулардың тiзбесiндегi мынадай жолдар:
"ДСА - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi
AЭК - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi
ТОҚМ - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
ЭИСМ - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" мынадай редакцияда жазылсын:
"ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
AЭК - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi
ҚОҚМ - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi";
қосымшада:
"Жауапты орындаушы" деген бағанда реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 4.1, 5.3, 5.5, 6.1, 6.2, 6.4, 7.1, 7.2, 8.4-жолдарда, "ДСА", "ТОҚМ", "ЭИСМ", "ЭИСМ-нiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi" деген сөздер "ДСМ", "ҚОҚМ", "ИСМ", "ЭMPM-нiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.