Об установлении перечня инструментов, оборудования, находящихся под специальным контролем и используемых для производства и изготовления наркотических средств, психотропных веществ
Қолданыста
Қаулы
·№ 939
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня инструментов, оборудования, находящихся под специальным контролем и используемых для производства и изготовления наркотических средств, психотропных веществ
- Атауы (қаз.)
- Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын, бақылауға жататын жабдықтардың тiзбесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 939
- Қабылданған күні
- 14.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2023 16926_668666.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000939_
- ЭКБ идентификаторы
- 16926
- Редакция идентификаторы
- 16926_668666
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:57
0 Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесiн белгiлеу туралы
Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берiлiп отырған арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi белгіленсін.
2 2. Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың айналымын бақылау есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
4 Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 939 қаулысымен
белгіленген
Арнайы бақылаудағы және есiрткi, психотроптық заттарды өндiру мен
дайындау үшiн пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың
тiзбесi
1 1. Таблеткаларды нығыздауға арналған нығыздау аспаптары мен жабдықтары.
2 2. Ампулаларды толтыруға арналған жабдықтар.
3 3. Ампулаларды бітеуге арналған жабдықтар.
4 4. Химиялық реакцияларды жүргізуге арналған жабдықтар (зертханалық
реакторлар).
5 5. Капсуляторлар.
6 6. Пуансондар мен матрицалар.
7 7. Бір немесе бірнеше мойны бар сыйымдылығы үлкен реакциялық шыны
ыдыстар (15 немесе одан да көп литр).
8 8. Бөлгіш құйғыштар.
9 9. Тікелей ағынды және қарсы ағынды конденсаторлар.
10 10. Колба қыздырғыштар.
11 11. Бөшкелерге арналған белбеулік қыздырғыштар.
12 12. Сулы және майлы жылытқыштар.
13 13. Ротациялық буландырғыштар.
14 14. Реакциялық ыдыстар (колбалар, пробиркалар, реторттар).
15 15. Таблеткалар мен капсулаларды есептегіштер.
16 16. Таблеткаларды тозаңнан арылтқыштар.
17 17. Вакуумдық сорғылар.
18 18. Бюхнер құйғышы.
19 19. Дәлдігі жоғары электрондық таразылар.
20 20. Дистилляциялық қондырғылар.
21 21. Магнитті араластырғыштар.
22 22. Либих тоңазытқышы.
________________