Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Урнекского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

Ереже · № 142 · қабылданған 26.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-169298/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Урнекского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 142 ·26.05.2022
15.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Урнекского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 142 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Урнекского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
142
Қабылданған күні
26.05.2022
Көрсетілген редакция
15.09.2023 169298_655320.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NL00142M
ЭКБ идентификаторы
169298
Редакция идентификаторы
169298_655320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:45

0 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті бөлек қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Өрнек ауылдық округінің әкімі
_____________ О. Қалдаманов
2022 жылғы «__» ___________

4 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Мәслихаттың
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 142 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің үлгілі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Өрнек ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын Өрнек ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы халықты Өрнек ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты үздіксіз жария тарату арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді, Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда оған сәйкес уақыт туралы, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу орнына жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

7. Ауылдар шегінде жергілікті қоғамдыстық бөлек жиынын өткізуді Өрнек ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдыстық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдыстықтың бөлек жиыны Өрнек ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Өрнек ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Өрнек ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

21 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 142 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елдің мекенің атауы
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Приречное ауылының тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Қарақопа ауылының тұрғындары үшін
1
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Первомайское ауылының тұрғындары үшін
1
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Өрнек ауылының тұрғындары үшін
1

Қолданыстағы