О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 449
- Қабылданған күні
- 29.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2022 169389_581911.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000449
- ЭКБ идентификаторы
- 169389
- Редакция идентификаторы
- 169389_581911
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:12
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 9) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ COVID-19 таралуы бойынша әлемдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шектес мемлекеттерді дипломатиялық арналар арқылы шектеулердің алынуы туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысы.
2
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 369 қаулысы.
3 3. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 417 қаулысы.
__________________