Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения государственного предприятия, акционерного общества, товарищества с ограниченной ответственностью, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат государству, субъектом специального права

Қаулы · № 453 · қабылданған 30.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-169437/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения государственного предприятия, акционерного общества, товарищества с ограниченной ответственностью, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат государству, субъектом специального права Қолданыста Қаулы ·№ 453 ·30.06.2022
03.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения государственного предприятия, акционерного общества, товарищества с ограниченной ответственностью, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат государству, субъектом специального права

Қолданыста Қаулы ·№ 453 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения государственного предприятия, акционерного общества, товарищества с ограниченной ответственностью, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат государству, субъектом специального права
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
453
Қабылданған күні
30.06.2022
Көрсетілген редакция
03.05.2023 169437_630997.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000453
ЭКБ идентификаторы
169437
Редакция идентификаторы
169437_630997
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:10

0 Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

3 Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 453 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 193-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) арнайы құқық – бәсекелес нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға нарық субъектісінің заңда бекітілетін айрықша немесе артықшылықты құқығы;

2 2) тауар – азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;

3 3) уәкілетті мемлекеттік орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

3 3. Осы Қағидаларға сәйкес айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік арнайы құқық субъектісі бола алады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторына және дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, акцияларды бағалы қағаздардың бастапқы нарығында орналастырған заңды тұлғаларға, сондай-ақ олармен үлестес тұлғаларға қолданылмайды.

2 2-тарау. Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау тәртібі

4 4. Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мынадай шарттардың жиынтығы болса, арнайы құқық субъектілері ретінде айқындалады:

1 1) арнайы құқық тауарларды тұтынушылардың айқындалмаған тобына және (немесе) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өткізуді болжайды;

2 2) арнайы құқық нарық субъектісіне тиісті немесе сабақтас тауар нарығын бақылауға мүмкіндік береді, оның ішінде тауар айналысының жалпы жағдайларына елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шарттарды белгілеу тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның қорытындысымен расталады.

5 5. Арнайы құқық субъектісін айқындау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша жүзеге асырылатын тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы құқық субъектісін айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Арнайы құқық субъектілерін айқындауды көздейтін құқықтық актілердің жобалары монополияға қарсы органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.

6

6. Мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындаған кезде уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құқықтық актінің қабылдануын қамтамасыз етеді.

7

7. Осы Қағидаларға сәйкес арнайы құқық субъектісі ретінде айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуге тиіс.

3 3-тарау. Арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру

8 8. Арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру аталған субъект Кодекстің 193-бабының талаптарын күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан көп рет бұзған немесе тауар нарығындағы өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады.

9 9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайда монополияға қарсы орган уәкілетті мемлекеттік органға арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру туралы ұсыныс жібереді.

10 10. Арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру үшін уәкілетті мемлекеттік орган монополияға қарсы органның ұсынысы келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құқықтық актінің қабылдануын қамтамасыз етеді.

11

11. Арнайы құқық мәртебесінен айырылған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылады.
_________________________

Қолданыстағы