Құжат мәтініне өту

О Правилах использования резерва акимата района

Қаулы · № 104 · қабылданған 17.08.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16953/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О Правилах использования резерва акимата района Күшін жойған Қаулы ·№ 104 ·17.08.2003
17.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Правилах использования резерва акимата района

Күшін жойған Қаулы ·№ 104 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах использования резерва акимата района
Атауы (қаз.)
Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
104
Қабылданған күні
17.08.2003
Көрсетілген редакция
17.02.2021 16953_510366.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03SE001005
ЭКБ идентификаторы
16953
Редакция идентификаторы
16953_510366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:02

0 Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы

Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңының 13-бабына және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 26 мамырдағы N 114 "Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы" 2003 жылғы 5 маусымда N 941 тіркелген, 2003 жылғы 11 маусымдағы N 69 "Северный Казахстан" газетінде жарияланған қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілетін аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р.Төлегеновке жүктелсін.

3 Ғабит Мүсірепов атындағы

аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 18 тамыздағы
"Аудан әкiмдiгiнiң резервін
пайдалану Ережесi
туралы" N 104 қаулысымен
Бекiтiлген
Аудан әкiмдiгiнiң резервін пайдалану
Ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты бекіткен сома шегінде, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі резервіндегі қаражатты бөлу және жұмсау механизмін айқындайды.

2

2. Тиісті қаржы жылында күтілмеген шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімдігінің резервi Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңының 13-бабына және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 261 Заңының және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерiстерiмен "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi N 19 Заңына сәйкес аудандық бюджет құрамында қалыптастырылады.
Аудан әкiмдiгiнiң резервiмен мыналар ескеріледі:
аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, олардың алдын алуға және өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат.

3

3. Аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгiленген, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығымен бекiтiлiп, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 16 қазанда N 2012 тiркелген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшерi және олардың мақсатты жұмсалу бағыты көрсетiлген тәртiпте жүзеге асырылады.

4 4. Аудан әкімдігінің резерв қаражаты мақсатты белгіленген және қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысында көрсетілмеген мұқтаждықтарға қолдануға болмайды.

Аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды. Қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылмаған қаражаты аудандық бюджетке қайтарылады.

5 5. Аудан әкімдігінің резерві аудан бюджетіне түскен түсімнің көлемінен 2 пайыздан аспау керек.

2 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға бөлінген қаржы

6

6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оларды алдын-ала ескерту үшін аудан әкімдігінің резервінен осы шараларды қаржыландыру үшін, апаттан құтқару жұмыстарына, басқа да төтенше жағдайларды жою шараларына кеткен шығын есебімен айналысатын төтенше комиссияның материалдары негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Басқа да күтілмеген шығындарға қаржы бөлу

7 7. Аудан әкімдігі резервінен өзге де күтілмеген шығындарды қаржыландыру ағымдағы және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз шешімді талап ететін аудандық бюджетті және аудан бюджетін толығымен қалыптастыруға көзделмеген шығыстарды қаржыландыруда жүзеге асырылады.

8 8. Аудан әкімдігінің резервінен өзге де күтілмеген шығындарға қаражат бөлу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аудандық қаржы басқармасына негіздемелер мен есептерге сәйкес қаражат бөлу туралы өтініш ұсынады.

9 9. Аудандық қаржы басқармасы ұсынылған өтініш негізінде аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместегі туралы қорытынды береді.

10

10. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған жағдайда, өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы ұсыныс берген аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері заңда белгіленген тәртіпте бағдарламалар дайындайды.

4 4. Есеп және бақылау

11 11. Аудандық қаржы басқармасы әр тоқсанда аудан әкімдігіне, аудан әкімдігінің резерв қаржысының нақты барын және қайда пайдаланған есебінің мәліметін береді.

12 12. Аудан әкімдігі резервінен қаржы алған бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері, әкімдік резерві қорынан алынған қаржының пайдаланған есебін, істелген жұмыстың уақытында, көлемі және бағасы туралы бір тәртіппен берілген мезгілінде аудандық қаржы басқармасына есебін тапсырады.

13 13. Аудан әкімдігінің резервін мақсатты пайдалану үшін аудандық қаржы басқармасы, қазынашылық бөлімі бақылау және қаржы бақылау комитетінің басқармасы жүргізеді.

14 14. "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аудан әкiмдiгiнің резерв қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау департаментінiң бас маманы жүзеге асырады.

15 15. Бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қаражат алушыға жүктеледі.

Қолданыстағы