Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 214 · қабылданған 05.07.2022
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-169579/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған 30.09.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан

Мәртебесі расталмаған Бұйрық № 214 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
214
Қабылданған күні
05.07.2022
Көрсетілген редакция
30.09.2022 169579_593793.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028711
ЭКБ идентификаторы
169579
Редакция идентификаторы
169579_593793
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:07
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 3-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 30 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін қолданыста болады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

1 Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 214 бұйрығына
1-қосымша
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай айқындамалар мен ұғымдар қолданылады:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйымдар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі;

2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтінім беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

3) тауар – осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар.

2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі

3. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған «e-Аgrіculture» жүйесінде (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) жүзеге асырылады.

4. Тасымалдау тәсілінің, алушының, алушының мекенжайының, жөнелту орнының өзгеруіне байланысты қайталама тиеп-жөнелту орындарында экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде бастапқы тиеп-жөнелту орындарында берілген квота көлемі өзгеріссіз қалады.

5. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін ББАЖ АЖ-да тауарлар бойынша квота көлемінің сандық лимиті қалыптастырылады.

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурс) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін бөлудің басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі: тауардың атауы, бөлінетін квотаның көлемі, бір өтінім беруші үшін жол берілетін лимит, квотаны бөлудің басталатын күні мен уақыты.

7. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемдерін бөлу ББАЖ АЖ-да карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге арналған фитосанитариялық сертификат алуға өтініштердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады.

8. Квотаның қолданылу кезеңінде тауарларды әкетуге бір өтінім беруші үшін жол берілетін лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 (бес жүз) тоннадан аспайды.

9. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін өтінім берушілер арасында бөлу тауарлар бойынша квота көлемі толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

10. Комитет күн сайын интернет-ресурста мынадай ақпарат орналастырады:

1) тауарлар бойынша берілген квота көлемінің саны;

2) тауарлар бойынша бөлінуі тиіс қолжетімді квота көлемі.

2 Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 214 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық
шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның (бұ­дан әрі – ЕА­ЭО СЭҚ ТН) ко­ды*
Та­у­ар­дың ата­уы*
Кво­та мөл­ше­рі, тон­на
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі
1206 00 100 0
Ұсақ­тал­ған неме­се егіс­ке ар­нал­ған ұсақ­тал­ма­ған күн­ба­ғыс тұқым­да­ры
15 000
2022 жы­л­ғы 1 шіл­де­ден 2022 жы­л­ғы
30 қыр­күй­ек­ке
(қо­са ал­ған­да)
дей­ін
1206 00 990 0
Күн­ба­ғы­стың ұсақ­тал­ған неме­се ұсақ­тал­ма­ған өзге де тұқым­да­ры
Ескертпе: * сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.