О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам контроля за оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам контроля за оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 947
- Қабылданған күні
- 17.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2014 AI16959_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000947_
- ЭКБ идентификаторы
- 16959
- Редакция идентификаторы
- AI16959_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:57
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
4 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 18 қыркүйектегі
N 947 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.14 N 674 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ҚР ЕЛТАҢБАСЫ Құрамында есiрткi құралдары бар өнiмдердi Қазақстан Республикасы арқылы ТРАНЗИТКЕ РҰҚСАТ
3. "Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегi N 1162 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға "Есiрткi құралдарына қажеттiлiктi есептеуде" 1-қосымшада:
"Есептеуге жататын жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қоймадағы қорда сақталуға тиiс мөлшерi" деген 4-бағанда:
"Тебаин" деген жолда "кг" деген баған "1" деген санмен толықтырылсын;
"Дримеперидин" деген жолда "кг" деген баған "5" деген санмен толықтырылсын;
"Синтетикалық есiрткi құралдарын дайындау көлемiнiң жылдық есептеулерiнде":
"1961 жылғы Конвенцияның II тiзiмiне енгiзiлген синтетикалық есiрткi құралдары" деген II бөлiмде:
"Синтетикалық есiрткi құралдарын дайындайтын өнеркәсiптiк кәсiпорындар", " Әр өнеркәсiптiк кәсiпорында дайындалатын синтетикалық есiрткi заттарының мөлшерi (килограммен)" деген бағандар "Тримеперидин", "200" деген бағандармен және "Химфарм" ААҚ деген жолмен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
IV тiзiмде:
"Фенобарбитал" деген жолда "2215,670" деген сандар "19803,670" сандармен ауыстырылсын.
Түсі Қызыл 13-қосымша
"Транзит" микрошрифтiсiмен
бiрдей нөмiрлi 4 бланк 1-лицензиатқа
2-экспорттаушы ел
3-импорттаушы ел
4-кеден органы
ҚР ЕЛТАҢБАСЫ Құрамында есiрткi құралдары бар өнiмдердi Қазақстан Республикасы арқылы ТРАНЗИТКЕ РҰҚСАТ
Түсі Қызыл 14-қосымша
"Транзит" микрошрифтiсiмен
бiрдей нөмiрлi 4 бланк 1-лицензиатқа
2-экспорттаушы ел
3-импорттаушы ел
4-кеден органы
ҚР ЕЛТАҢБАСЫ Құрамында есiрткi құралдары бар өнiмдердi Қазақстан Республикасы арқылы ТРАНЗИТКЕ РҰҚСАТ N PV сериясы
Түсі Қызыл 15-қосымша
"Транзит" микрошрифтiсiмен
бiрдей нөмiрлi 4 бланк 1-лицензиатқа
2-экспорттаушы ел
3-импорттаушы ел
4-кеден органы
ҚР ЕЛТАҢБАСЫ Құрамында есiрткi құралдары бар өнiмдердi Қазақстан Республикасы арқылы ТРАНЗИТКЕ РҰҚСАТ N P сериясы
16-қосымша
Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi пайдаланудың нақты мақсаты туралы клиенттiң (соңғы жүк алушының) өтiнiшi
17-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнiң
Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне
қарсы күрес жөнiндегi комитетi
Өтiнiш
18-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнiң
Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне
қарсы күрес жөнiндегi комитетi
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнімдердің транзиті туралы есеп
19-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнiң
Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне
қарсы күрес жөнiндегi комитетi
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнімдердің транзиті туралы есеп