Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на занятие вакантных должностей сотрудников Евразийской экономической комиссии

Бұйрық · № 280-НҚ · қабылданған 04.07.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-169600/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на занятие вакантных должностей сотрудников Евразийской экономической комиссии Қолданыста Бұйрық ·№ 280-НҚ ·04.07.2022
04.07.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на занятие вакантных должностей сотрудников Евразийской экономической комиссии

Қолданыста Бұйрық ·№ 280-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на занятие вакантных должностей сотрудников Евразийской экономической комиссии
Атауы (қаз.)
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
280-НҚ
Қабылданған күні
04.07.2022
Көрсетілген редакция
04.07.2022 169600_582475.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028699
ЭКБ идентификаторы
169600
Редакция идентификаторы
169600_582475
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:08

0 Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу қағидаларын бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-5-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

1 Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Сауда және
интеграция министрі
2022 жылғы 4 шілдедегі
№ 280-НҚ Бұйрығымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) біліктілік талаптары - Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға олардың нақты лауазымда кәсіби қызметін тиімді орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс тәжірибесіне, құзыреттеріне сәйкестігін анықтау үшін қойылатын талаптар;

2

2) Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс (бұдан әрі – конкурс) – Еуразиялық экономикалық комиссияның актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары қатарынан кандидаттарды іріктеу;

3 3) кандидат – Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам;

4 4) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2-тарау. Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі

3 3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар уәкілетті орган өткізетін біліктілік іріктеуден өтеді.

4 4. Біліктілікті іріктеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

Уәкілетті орган жыл сайын:

1 1) 5 ақпан мен 5 шілдеге дейін өзінің интернет-ресурсында біліктілік іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру жариялайды;

2 2) 5 ақпаннан 31 наурызға дейін және 5 шілдеден 31 тамызға дейінгі кезеңде кандидаттардың біліктілік іріктеуіне өтініштерін қабылдайды;

3 3) 1 мамырға дейін және 1 қазанға дейін кандидаттармен әңгімелесу өткізеді, әңгімелесу өткізу кестесі 7 сәуірден және 7 қыркүйектен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.

5 5. Біліктілік іріктеуіне қатысу үшін кандидат келесі талаптарға сай болуы керек:

1 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;

2 2) соттылығының болмауы;

3 3) лауазымдық міндеттеріне сәйкес жоғары білімінің болуы.

6 6. Біліктілік іріктеуге қатысу үшін кандидаттар уәкілетті органға қағаз немесе электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшесін көрсете отырып, толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ол орналасуға өтініш беретін бос лауазымдар, пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

2 2) төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;

3 3) біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (нотариалды немесе кандидаттың жұмыс (қызмет) орны бойынша кадр қызметі куәландырған):

білімі туралы, қосымша кәсіптік білімі туралы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атақ беру туралы құжаттар (бар болса);
еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын құжаттар;

4 4) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

7

7. Біліктілік іріктеу басталғанға дейін уәкілетті органға өтініш берген кандидаттардың тізімдері кандидаттың конкурсқа қатысуына кедергі келтіретін негіздердің жоқтығы немесе бар екендігі туралы ақпарат алу мақсатында осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жолданады.
Комитет кандидаттардың тізімі келіп түскен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде ақпаратты ұсынады.

8 8. Кандидаттың конкурсқа қатысуына кедергі келтіретін негіздер жоқ кандидаттармен әңгімелесу, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізіледі.

9 9. Әңгiмелесудi уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер, Әдiлет министрлiктерiнiң және департаменттер директорларынан немесе директорлардың орынбасарларынан төмен емес салалық мемлекеттiк органдарының өкiлдерi өткiзедi.

10 10. Әңгімелесу барысында кандидаттың кәсіби деңгейі бағаланады және мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі анықталады:

1 1) Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу;

2 2) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді білу (негізгі (базалық), бағыттар бойынша (салалық));

3 3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде заңнаманы қолдану практикасын және кандидат таңдаған Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің бағыты бойынша жетекші халықаралық тәжірибені білу.

11 11. Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіби деңгейі және олардың осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланады.

12 12. Әңгімелесу нәтижелері бойынша біліктілік іріктеуден өту немесе өтпеу туралы консенсус негізінде шешім қабылданады және хаттама түрінде ресімделеді, оны өкілдері біліктілік іріктеуге қатысқан мемлекеттік органдар, уәкілетті орган жіберген күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде келіседі.

13 13. Біліктілік іріктеудің нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

14 14. Әңгімелесудің оң нәтижелерін алған кандидаттар уәкілетті органнан осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға ұсынымды біліктілікті іріктеу хаттамасын келіскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде алады.

15 15. Уәкілетті органның ұсынымдары уәкілетті органның электрондық базасында уәкілетті орган тіркеген күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде жарамды.

Ұсынымдарды тіркеу уәкілетті органмен кандидатпен әңгімелесу өткізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

16 16. Конкурсқа қатысуға байланысты шығыстарды (конкурс өтетін жерге дейін және кері қайту, тұрғын үй жалдау, тұру, байланыс қызметтерін пайдалану) кандидаттар өз қаражаты есебінен өтейді.

3 3-тарау. Өтпелі ережелер

17 17. Көрсетілген Қағидалар қабылданған жылы біліктілік іріктеу уәкілетті органмен осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес мерзімдері бойынша келесідей ерекшеліктер ескеріле отырып:

1 1) 1 қыркүйекке дейін өзінің интернет-ресурсында біліктілік іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру жарияланады;

2 2) 1 қазанға дейін кандидаттардан біліктілік іріктеуге өтініштер қабылданады;

3 3) 1 желтоқсанға дейін кандидаттармен әңгімелесу өткізіледі, әңгімелесу өткізу кестесі 15 қазаннан кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

48 Ұсыным

Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Еуразиялық экономикалық комиссия
Ұсыным
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі _______________________ департамент(тер) қызметкерін(лерін) ________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні) Еуразиялық экономикалық комиссия бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін ұсынады.
Ұсыным тіркелген күнінен бастап 18 (он сегіз) ай бойы жарамды.
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігінің
аппарат басшысы
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қолданыстағы