Об утверждении Положения о районной ономастической комиссии при акимате Тайыншинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о районной ономастической комиссии при акимате Тайыншинского района
- Атауы (қаз.)
- Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия жайындағы Ережені бекіту туралы.
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 12.08.2003
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2009 16962_215988.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03SK001017
- ЭКБ идентификаторы
- 16962
- Редакция идентификаторы
- 16962_215988
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:03
0 Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия жайындағы Ережені бекіту туралы.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 Заңының 19,
20-баптарын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200Заңының 12-бабын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тайынша ауданы әкімдігінің жанында ономастикалық комиссия құрылсын.
2 2. Тайынша ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Аудан әкімдігінің "Аудандық ономастикалық комиссия құру туралы" (тіркеу нөмірі N 737, 2002 жылғы 16 қазан, "Тайыншинские вести" 2002 жылғы 1 қараша N 45, 2002 жылғы 8 қараша N 46) 2002 жылғы 2 қазандағы N 36 қаулысы күшін жойды деп есептелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Дүсіріповке жүктелсін.
5 "Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы
аудандық ономастикалық комиссия
жайындағы Ережені бекіту туралы"
аудан әкімдігінің
2003 жылғы 13 тамыздағы
N 231 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы
аудандық ономастикалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия ауданның тарихи-мәдени құрамдық бөлігінің және оның қайта өзгеруінің тарихи атауларын сақтау, қалпына келтіру, топонимикалық атауларына есеп жүргізу және пайдалануды тәртіпке келтіру, географиялық объектілерді бірыңғай қалыптастыру мақсатымен ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды іске асыратын консультациялық-кеңесші органы болып табылады.
2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібіне", сонымен қатар осы Ережеге сүйеніп басшылық етеді.
3 3. Комиссияның құрамы Тайынша ауданы әкімінің ұсынуы бойынша Тайынша ауданы мәслихатымен бекітіледі.
4 4. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатты ұстанады.
2 2. Негізгі міндеттері
1 1. Комиссияның негізгі міндеттері:
1 1) географиялық атауларды жинақтау, жүйелендіру және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды жүйеге келтіру;
2 2) ертеде жойылып кеткен тарихи топонимдерді қалпына келтіру бойынша ұсыныстар енгізу;
3 3) жаңа объектілердің атаулары бойынша ұсыныстар енгізу;
4 4) ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретінде қолдау көрсету болып табылады.
3 3. Негізгі қызметтері мен өкілеттіктері
Жүктелген тапсырмаларды шешу мақсатында Комиссия:
1
1) орфографияның қолданыстағы нормалары ғылыми транскрипциялар және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтік факторлар негізінде көшелердің, елді-мекендердің, өндірістік ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, темір жол және автожол станцияларының, пошта бөлімшелерінің, мекемелердің, кәсіпорындардың, жалпы білім беретін, арнайы орта және кәсіптік оқу орындарының, көліктік және мемлекет меншігінде орналасқан басқа да объектілердің атауларын транскрипциялау және анықтау, қайта өзгерту, атау беру туралы қорытындыларды ұсынды;