Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия деятельности финансовых (инвестиционных) пирамид

Заң · № 139-VII · қабылданған 12.07.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-169792/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия деятельности финансовых (инвестиционных) пирамид Қолданыста Заң ·№ 139-VII ·12.07.2022
12.07.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия деятельности финансовых (инвестиционных) пирамид

Қолданыста Заң ·№ 139-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия деятельности финансовых (инвестиционных) пирамид
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
139-VII
Қабылданған күні
12.07.2022
Көрсетілген редакция
12.07.2022 169792_590371.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2200000139
ЭКБ идентификаторы
169792
Редакция идентификаторы
169792_590371
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:03

0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

1 1) 3-баптың 2) тармағы «214-бапта – құны екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны;» деген сөздерден кейін «217-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздермен толықтырылсын;

2 2) 217-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің бірінші абзацының 4) тармағы «мүлікті» деген сөзден кейін «не оған құқықты» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзацтың 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) аса ірі мөлшерде ақшаны, өзге мүлікті не оған құқықты тарта отырып жасалған;»;

екінші абзацтағы «он» деген сөз «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) мынадай мазмұндағы 217-1-баппен толықтырылсын:

«217-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау
1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау, яғни айтарлықтай залал келтіре отырып, ақпаратты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдарды оған тартуға алып келген жеке және тікелей тарату –
мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет жасалған;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2 2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

1 1) 187-баптың 4-1-бөлігінің бірінші абзацы «217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында)» деген сөздерден кейін «, 217-1 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

2 2) 191-баптың сегізінші бөлігі «217 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін « 217-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы