Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 4 · қабылданған 13.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-169793/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 ·13.05.2022
20.07.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
13.05.2022
Көрсетілген редакция
20.07.2022 169793_584692.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NGB0004B
ЭКБ идентификаторы
169793
Редакция идентификаторы
169793_584692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:58

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инсекторының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 01-22/198 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

1 1. Ірі қара малдың бруцеллезіне байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылындағы «Нажмитдинов Султанбек Салаватович» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Диев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті
Әулиекөл аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
________________________ Л. Жунусова
2022 жылғы «__» ____________________
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
басшысы
_______________________ А. Тайшыбаев
2022 жылғы «__» ____________________

Қолданыстағы