Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию специально выделенных мест для курения"

Бұйрық · № 641 · қабылданған 27.08.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16993/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию специально выделенных мест для курения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 641 ·27.08.2003
30.06.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию специально выделенных мест для курения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 641 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию специально выделенных мест для курения"
Атауы (қаз.)
"Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындардың құрылысына және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
641
Қабылданған күні
27.08.2003
Көрсетілген редакция
30.06.2010 AI16993_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002499_
ЭКБ идентификаторы
16993
Редакция идентификаторы
AI16993_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:00

0 "Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындардың құрылысына және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Келісілді
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігі Құрылыс істері
жөніндегі комитетінің
төрағасы
2003 жылғы 22.09
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес бұйырамын:

1 1. Қоса беріліп отырған "Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындардың құрылысына және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары бекітілсін.

2 Шылым шегу үшін арнайы бөлінген орынның құрылымына және оны жұмыс бабында ұстау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Санитарлық ережелер және нормалар 1. Жалпы ережелер

2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
Бекітілген
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 28 тамыздағы
N 641 бұйрығымен
"Шылым шегу үшін арнайы
бөлінген орынның құрылымына,
және оны жұмыс бабында
ұстауға қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық ережелері мен
нормаларын бекіту туралы
Шылым шегу үшін арнайы бөлінген орынның құрылымына және оны жұмыс бабында ұстау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Санитарлық ережелер және нормалар 1. Жалпы ережелер

1 1. "Шылым шегу үшін арнайы бөлінген орынның құрылымына және оны жұмыс бабында ұстау үшін қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналады.

2 2. Осы санитарлық ережелер талаптарының орындалуын ұйымдардың бірінші басшылары және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

2 2. Шылым шегу үшін арнайы бөлінген орынның құрылымына және оны жұмыс бабында ұстау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

3 3. Қоғамдық тамақтандыру орындарында, жергілікті және алыс аралыққа жүретін поездарда, әуе, теңіз және өзен кемелерінде, әуежайының ғимараттарында, темір жол, автокөлік және су вокзалдарында, басқа да ұйымдарда шылым шегу үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнайы орындар қарастырылады.

4

4. Шылым шегу үшін бөлінетін арнайы орындар ашық верандаларда, жылы жыл мезгілдерінде (сыртқы ауаның температурасы қанағаттанарлық болған кезде) алаңдарда және (немесе) жұмыс орнынан кем дегенде 5м қашықтыққа орналасқан жеке үй-жайларда орналасуы керек. Шылым шегу үшін бөлінетін үй-жайдың ауданы, адамдардың ең көп жиналатын кезінде, бір адамға шаққанда 4м 2 -ден кем болмайтындай етіп қарастырылуы керек.

5 5. Шылым шегуге арналған үй-жайлардың едендері, қабырғалары мен жабындылары қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сай (бұдан әрі - ҚНжЕ) жанбайтын материалдардан жасалуы керек.

6 6. Шылым шегуге арналған орындар мыналармен:

1 1) табиғи және механикалық жолмен қосылатын сорып-шығаратын желдеткіш жүйесімен;

2 2) табиғи және жасанды жарықтандыру көздерімен;

3 3) шылым қалдықтарын, темекі қораптарын, сіріңкелерді жинауға арналған отқа төзімді күлсалғыштармен және кем дегенде үштен бір бөлігіне су құйылған арнайы (қақпақты) урналармен;

4 4) қолданыстағы стандарттың талабына сай келетін, шылым шегушілер демалатын орында жанбайтын материалдардан жасалған жиһазбен;

5 5) өрт сөндіргішпен және құм салынған жәшікпен;

6 6) шылым шегудің зияны туралы көрнекі үгіт құралдарымен жабдықталуы тиіс.

7

7. Шылым шегуге бөлінген орындарда күн сайын жуғыш заттарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіледі; арнайы урналар мен күлсалғыштар толуына байланысты шылым қалдықтарынан тазаланып, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қолдану арқылы тазаланып отырылуы керек.

Қолданыстағы