Құжат мәтініне өту

Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Сарапхана, Жанабазар и Жигерген Казыгуртского района Туркестанской области

Қаулы · № 29/129-VII · қабылданған 13.07.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-169951/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Сарапхана, Жанабазар и Жигерген Казыгуртского района Туркестанской области Қолданыста Қаулы ·№ 29/129-VII ·13.07.2022
13.07.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Сарапхана, Жанабазар и Жигерген Казыгуртского района Туркестанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 29/129-VII · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Сарапхана, Жанабазар и Жигерген Казыгуртского района Туркестанской области
Атауы (қаз.)
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сарапхана, Жаңабазар және Жігерген ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29/129-VII
Қабылданған күні
13.07.2022
Көрсетілген редакция
13.07.2022 169951_584581.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22UF028852
ЭКБ идентификаторы
169951
Редакция идентификаторы
169951_584581
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:02

0 Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сарапхана, Жаңабазар және Жігерген ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сарапхана, Жаңабазар және Жігерген ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

1 1) Сарапхана ауылдық округінің Сарапхана елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 4,9 гектар жерлерді қосу арқылы, Сарапхана ауылдық округінің Сарапхана елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 356,86 гектар болып белгіленсін;

2 2) Сарапхана ауылдық округінің Майлыошақ елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,24 гектар жерлерді қосу арқылы, Сарапхана ауылдық округінің Майлыошақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 113,14 гектар болып белгіленсін;

3 3) Жаңабазар ауылдық округінің Жаңаталап елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 75,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Жаңабазар ауылдық округінің Жаңаталап елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 278,0 гектар болып белгіленсін;

4 4) Жігерген ауылдық округінің Айнатас елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,7523 гектар жерлерді қосу арқылы, Жігерген ауылдық округінің Айнатас елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 210,7823 гектар болып белгіленсін.

2 2. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы