Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о возврате средств, выделенных из республиканского бюджета на проведение поисково-оценочных работ по специальным решениям Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 1016 · қабылданған 07.10.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1700/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Положения о возврате средств, выделенных из республиканского бюджета на проведение поисково-оценочных работ по специальным решениям Правительства Республики Казахстан Қолданыста 07.10.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о возврате средств, выделенных из республиканского бюджета на проведение поисково-оценочных работ по специальным решениям Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы № 1016 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о возврате средств, выделенных из республиканского бюджета на проведение поисково-оценочных работ по специальным решениям Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдері бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге арнап республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1016
Қабылданған күні
07.10.1998
Көрсетілген редакция
07.10.1998 AI1700_0.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001016_
ЭКБ идентификаторы
1700
Редакция идентификаторы
AI1700_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:31
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдері бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге арнап республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы шешімдері бойынша іздестіру- бағалау жұмыстарын жүргізуге арнап республикалық бюджеттен бөлінген несие ресурстарын тиімді пайдалану және аталған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдері бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге арнап республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде күшінде болады деп белгіленсін.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдерімен іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге арнап республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 8 қазандағы
N 1016 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдерімен іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге арнап республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже іздестіру-бағалау жұмыстарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдерінің негізінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жер қойнауын пайдаланушылардың кейін өтем жасаумен қайтарудың тәртібін реттейді.

1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің келісімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімі бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалардың тізбесін бекітеді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне әр жоба бойынша қаржыландыру көлемін көрсете отырып, тапсырыс-жоспарды ұсынады.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдері бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөледі.

3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі геологиялық ақпарат (материалдық емес активтерді) алу мақсатында мердігерлер арқылы іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізеді.

4. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Жарлығына сәйкес алынған геологиялық ақпарат мемлекеттік меншік болып табылады және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сақтауға беріледі.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдері бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге жұмсалған қаражаттың есебін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізеді.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шешімдері бойынша іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге шыққан және осы Ережеге сәйкес республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс мемлекет шығындары Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша айқындалады және пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге арналған келісім-шартта көрсетіледі.

7. Жоғарыда көрсетілген сомаларды республикалық бюджеттің кірісіне қайтаруды жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт күшіне енген сәттен бастап бір жылдың ішінде жүзеге асыруға тиіс.

8. Пайдалы қазбалар кен орнын игеруге арналған келісім-шартта республикалық бюджеттен бөлінген және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуге жұмсалған несие ресурстарына тең болатын сомаларды жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нұсқауы бойынша бюджеттік шотқа аударатыны айтылады.