Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по району Бәйтерек Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по району Бәйтерек Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19-12
- Қабылданған күні
- 20.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2022 170025_584450.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ZG028873
- ЭКБ идентификаторы
- 170025
- Редакция идентификаторы
- 170025_584450
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:58
0 Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Бәйтерек аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Бәйтерек ауданы мәслихатының
2022 жылғы 20 шілдедегі
№19-12 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің
түрлері
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3
1.
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,60
2.
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
0,93
3.
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,26
4.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,65
5.
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,0009
6.
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек - орын
0,78
7.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,32
8.
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,39
9.
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,10
10.
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,04
11.
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,04
12.
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,08
13.
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
Сауда алаңы 1 м2
0,39
14.
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,39
15.
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,10
16.
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,22
17.
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,13
18.
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары
1 машина-орын
1,97
19.
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
2,09
20.
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
1 гаражға
1,97
21.
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
1,76
22.
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,39
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 – шаршы метр
м3 – текшее метр