Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-67 · қабылданған 26.07.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-170157/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-67 ·26.07.2022
21.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-67 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения»
Атауы (қаз.)
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-67
Қабылданған күні
26.07.2022
Көрсетілген редакция
21.04.2025 170157_756506.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028925
ЭКБ идентификаторы
170157
Редакция идентификаторы
170157_756506
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:53

0 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген);

2

2) «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

0 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 26 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-67
бұйрығымен бекітілген
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары

1 1-тарау. Негізгі ережелер

1

1. Осы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

2

2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге: қонақүйлер қызметін көрсететін объектілерге, моншалар мен сауналарға, суға шомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктерге, кір жуу орындарына, химиялық тазалау орындарына, халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету бойынша объектілерге, спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілеріне, жаппай демалу орындарына, қоғамдық дәретханаларға (бұдан әрі – объектілер) қолданылады.

3 3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) аквапарк – бассейнмен (әртүрлі мақсаттағы бассейндер кешені), су атракциондарымен жабдықталған және өзінің құрамында демалу аймағы, демалу мен ойын-сауыққа басқа функционалды элементтері (заттары), техникалық және көмекші үй-жайлары, одан басқа сәйкес инженерлік жабдығы, жұмыс істеуі және пайдалану үшін қажетті инженерлік желі мен байланысы бар ғимарат (құрылым) (немесе ғимарат бөлігі (құрылымы);

2 2) коммуналдық мақсаттағы объектілерге арналған арнайы санитариялық киім (бұдан әрі – арнайы киім) – бұл механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа да ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиыны;

3 3) жағажай – жаппай демалу, суға түсу, күн және ауа ванналарын қабылдауға болатын (теңіз, көл, өзен, канал немесе ашық ашық бассейіннің) жағалау;

4

4) жүзу бассейні – жарыстарды өткізуге, өзге де су спорт түрлерімен (жүзу, суға секіру, су асты спорты, су добы, су асты регби, синхронды жүзу және осыған ұқсас спорт түрлері) шұғылдануға, сауықтыру мақсатындағы жүзуге, оқу-жаттығу жұмыстарына, сондай-ақ балаларды жүзуге үйретуге арналған гидротехникалық құрылғы;

5 5) косметикалық көрсетілетін қызметтер – бұл клиенттің эстетикалық талабын қанағаттандыру үшін медициналық бақылауды қажет етпейтін, косметикалық құралдар және сәндік косметиканы пайдалана отырып, бет пен дене терісіне, қас пен кірпігіне, тырнақ және шашына физикалық және химиялық әсер ету;

6 6) косметикалық кабинет – гигиеналық және сәндік сипаттағы косметикалық қызмет көрсететін үй-жай;

7

7) көп салалық ғимараттар (кешендер) – инженерлік, әлеуметтік, қызметтік өзара байланысты жүйелермен біріктірілген, заманауи әлеуметтік-мәдени, технологиялық, қала құрылысы және сәулет талаптарына жауап беретін әртүрлі мақсаттағы, негізгі функцияларды атқаратын үш және одан астам (балалардың келуіне арналған екі үй-жайлар немесе алаңдар) объектілерді орналастыруға арналған біртұтас сәулет тобы немесе өзара байланысты жеке тұрған ғимараттар;

8 8) санитариялық күн – үй-жайларды күрделі жинау, жабдықты, мүкәммалды және үй-жайларды тазалау, жуу және дезинфекциялау, қажет болған кезде үй-жайларды дезинсекциялау және дератизациялау үшін арнайы бөлінген уақыт;

9 9) солярий – косметикалық күнге күю мақсатында жасалған жасанды ультрафиолет сәулелерінің құрылғысы, сондай-ақ осындай құрылғылары бар үй-жай;

10 10) шомылу бассейні – суға шомылу, су рәсімдерін қабылдау, судағы ойын-сауық-ойынға арналған бассейн;

11

11) халықтың жаппай демалу орындары – қалалар құрылысының бас жоспарларында, аудандық жоспарлау мен қала маңындағы аймақты дамыту сұлбаларында, курорттарды, санаторийлерді, демалыс үйлерін, пансионаттар, туризм базаларын, халықтың ұйымдастырылған демалысы аймақтарында (қалалық жағажайлар, саябақтар, демалыс базалары, спорттық базалар және олардың ашық ауадағы құрылыстары) бөлінген аумақ;

12

12) хостел – жеке тұлғалардың уақытша тұруына (болуына) арналған және пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін, көппәтерлі тұрғын үйдегі жеке кіру есігі бар тұрғын емес үй-жай не жеке тұрған ғимарат (ғимараттың бір бөлігі).

2 2-тарау. Коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға қойылатын талаптар

4 4. Объектілерді орналастыру кезінде халықтың өмір сүруінің санитариялық-гигиеналық жағдайлары нашарламайды.

5 5. Объектілердің үй-жайларын салуға және әрлеуге жуу және дезинфекциялау заттарына төзімді материалдар қолданылады.

6 6. Объект аумағы абаттандырылады және таза күтіп-ұсталады.

7 7. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады.

8 8. Объектілер сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

9

9. Жылумен жабдықтау, желдету, ауа баптау жүйелері микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген Адамға әсер ететін физикалық факторларға арналған гигиеналық нормативтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-95 бұйрығымен бекітілген «Желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24230 болып тіркелген) талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.

10

10. Ыстық және салқын сумен жабдықтау жүйелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарына сәйкес судың берілуін қамтамасыз етеді.

11 11. Объектілердің суды бұру жүйелері сарқынды судың қауіпсіз ағуын көздейді. Санитариялық-техникалық желілер, құрылғылар мен аспаптар жарамды күйде болады.

12

12. Орталықтандырылған суды бұру жүйесі жоқ елді мекендердің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 21934 болып тіркелген) «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес аулалық қондырғылар және қазылған шұңқырлар көзделеді.

13 13. Жұмыс орындарының табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі, сондай-ақ ауасындағы зиянды заттардың құрамы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына және нормалау құжаттарына сәйкес келеді.

14 14. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Жоғары ылғалды шырақтар қорғаныш плафондарымен жабылады.

15 15. Объектілердің барлық үй-жайларында ылғалды жинау күн сайын жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.

16 16. Пайдаланылған төсек жабдықтары мен жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе жуу және кептіру функциясы бар кір жуу машинасымен тікелей объектілерде жүргізіледі.

17 17. Дезинфекциялау үшін дайындаушының қолдану жөніндегі технологиялық нұсқаулығына сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады.

18 18. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын ұйымдар нормалау құжаттарының талаптары сақталған кезде орындайды.

19 19. Персонал үшін ас ішу, жеке бас тазалығын сақтау, жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтау үшін жағдайлар көзделеді.

20 20. Обьектілердің жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

21

21. Халықтың декреттелген тобына жататын жұмыскерлер жұмысқа түсер кезде, сондай-ақ арнайы оқу орындарының білімгерлері өндірістік практикадан өту алдында «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қ азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы) сәйкес медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
Жұмысқа түсетін және зиянды еңбек жағдайларымен, қолайсыз өндірістік факторлардың әсерімен байланысты өндірістерде және кәсіптерде жұмыс істейтін жұмысшылар және инженерлік-техникалық жұмыскерлер № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жұмысқа түсер кезде және алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтеді.

22 22. Объектінің әкімшілігі нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлейді, бекітеді және орындайды.

Өндірістік бақылау бағдарламасында легионеллез қоздырғыштарының бар болуына ауаны баптау жүйелерінен шайындыларға зертханалық зерттеулер жүргізу көзделеді.

3 3-тарау. Қонақүй қызметін көрсететін объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

23 23. Тұрғын үй-жайларды жертөледе және цокольдық қабаттарда орналастыруды қоспағанда, қонақүйлерді, хостелдерді жобалау және орналастыру бөлек тұрған ғимараттарда, жеке кіретін есігі болған жағдайда көп функционалды ғимараттардың және көппәтерлі тұрғын үйлердің құрамында орналастыру көзделеді.

1-2 жұлдызды санаттағы сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қонақүйлер үшін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес басқа кәсіпорындармен және мекемелермен біріктірілген кіреберістер мен коммуникациялар көзделеді.

24

24. Қоқыс құбыры бар болған жағдайда, қоқыс құбырының өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа өткізбейтін және дыбыс өткізбейтін материалдармен жабдықталады және адамдар тұрақты болатын тұрғын және қызметтік үй-жайлармен жанаспайды. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелердің немесе олармен іргелес және үнемі адамдар болатын үй-жайлардың астына орналастыруға рұқсат етіледі.

25 25. Қонақүй бөлмелерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес санитариялық тораппен, гардеробпен көзделеді.

26 26. Хостелдер 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен санитариялық тораппен қамтамасыз етіледі.

27 27. Хостелде асхана, асүй, өз-өзіне қызмет көрсету әдісімен тамақ ішуге және дайындауға арналған бөлмелер жабдықталады, олар жабдықпен, мүкаммалмен, асүй және асхана ыдыстарымен, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтауға арналған ыдыстармен жарақталады.

28 28. Қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды тұрғын үй-жайлармен аралас орналастыру көзделмейді.

1 жұлдызды – 2 жұлдызды санаттағы қонақүйлердің және хостелдердің тұрғын қабаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес тұрғын үй-жайлар шудан қорғалған жағдайда қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды (барлар, кафелер, буфеттер, телевизиялық қонақ бөлмелері, іскерлік кездесу бөлмелері, балалар бөлмелері және осыған ұқсас қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар) орналастыруға жол беріледі.

29 29. Қонақүйлердің үй-жайлары № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес жарықтандыру нормаларымен қамтамасыз етіледі.

30 30. Тұрғын бөлмелерде немесе бөлмелерде ауаны баптау қамтамасыз етіледі. Қонақүйлердің ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған кезде сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

Желдету тұрғын бөлмелерге, бөлмеге және жалпы үй-жайға бөгде иістердің кіруін бөгейтін ауа айналымын қамтамасыз етеді.

31 31. Қонақүйлердің бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдарының шаңы қағылады, жұмсақ жиһаздар тазартылады.

32 32. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.

Дәретханалардың унитаздары және писсуарлары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың (ерштердің) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылады және жуылады.

33 33. Төсек жабындыларын, сүлгі және оларды ауыстыру реті қонақүйлер сервис деңгейіне, жабдықталуына байланысты анықталады.

Хостелдерде әр тұратын адамға төсек-орын жиыны, сүлгі көзделеді.
Пайдаланылған төсек-орын жабдығы пакеттерге (қапшықтарға) жиналады, таза төсек-орын жабдықтарын ашық күйде тасымалдау жүргізілмейді.

4 4-тарау. Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

34 34. Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.

35 35. Монша және сауна үй-жайларының құрамына: санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмесі немесе орыны кіреді.

36 36. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға рұқсат етіледі. Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.

37 37. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.

38 38. Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жиһаз орнатылады, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер пайдаланылады. Ағаш траптар пайдаланылмайды.

39 39. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады.

40 40. Моншалар мен сауналарда жеке қолданылатын және пакеттерде берілетін таза және құрғақ киім-кешек (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза киім-кешек пайдаланылғандардан бөлек сақталады.

41 41. Моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталады. Суды бұру траптары бітеліп қалмайды және еденде лас су жиналмайды. Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

42 42. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі.

43 43. Легендерді өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартатын заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Жуынуға арналған легендер дезинфекциялау ерітіндісіне толық батырылып дезинфекцияланады және сумен шайылады.

44 44. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, мүкәммаларды және жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.

45 45. Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен сауналардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.

46 46. Монша мен сауналардың жуыну және себезгі үй-жайларында кір жууға және кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтау жүргізілмейді.

47 47. Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуге жатады.

5 5-тарау. Шомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

48 48. Бассейндерді тұрғын ғимараттарда орналастырған кезде қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау қамтамасыз етіледі.

Аквапарктер шет орналасқан тұрғын аумағында, саябақтық немесе рекреациялық аймақта орналастырылады.

49 49. Бассейн үй-жайларының құрамына: ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар кіреді.

50 50. Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) жүріп-тұру реттілігін қамтамасыз етеді.

51 51. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.

52 52. Айналма жолдар, бассейннің қабырғалары мен түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болады.

53

53. Себезгіден бассейн ваннасына дейінгі жүретін жолда ағынды сулы аяқ ванналары орналастырылады, олардың көлемі айналып өту мүмкіндігін болдырмайды. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту жолына тікелей шығатын жағдайда, сонымен қатар монша және сауналардағы салқындатқыш типті бассейндерде аяқ ваннасының болмауына рұқсат етіледі.

54 54. Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма жолына баратын бағытта орналасады, ыстық және салқын су желісі тартылған кабиналармен, гигиена заттарына, сүлгілер мен жөкелерге арналған құрылғылармен жабдықталады.

55 55. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен суды бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі.

56 56. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, судың қажеттілігіне қарай және өндірістік бақылау көрсеткіштері бойынша судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі.

Спорттық-сауықтыру бассейндерінде суды алмастырудың рециркуляциялық жүйесі қолданылады, шағын бассейндерде көлемі 70 текше метрден аспаса судың толассыз ағысы қолданылады.

57 57. Рециркуляциялық ауыстыру кезінде бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз (бұдан әрі – %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады.

58 58. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір бассейн өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.

59 59. Бассейінге жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру және ұқсас залалсыздандыру әдістері).

60 60. Бассейн оған жұмсалатын, рециркуляция жүйесіне түсетін, қосылатын таза су шығындарын есептейтін өлшеуіштермен, зерттеу үшін су сынамасын алуға арналған шүмектермен жабдықталады.

61 61. Бассейнің табаны суды бұру желісінен төмен орналасқан жағдайда ваннаны босату сорғының көмегімен жүзеге асырылады.

62 62 .Суды бұру жүйесінен бассейн шарасына су ағынының кері ағуына тыйым салынады. Ағынды су бассейн шарасына түскен кезде себебін жою бойынша шаралар қабылданады және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

63 63. Судың температурасы және жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көзделген.

64 64. Хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің автономды жүйелерімен жабдықталады.

65 65. Жүзушілердің тыныс алу аймағындағы ауадағы бос хлордың шоғырлануы бір текше метрге 0,1 миллиграммнан (бұдан әрі – мг/м3) артық емес, озон – 0,16 мг/м3 артық емес шоғырлануды құрайды.

66 66. Шарасы бар бассейн залы табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Жарық ойықтарының көлемі су үсті көлемін қоса алғандағы бассейн үй-жайлары көлемінің 20%-нан кем болмайды.

67 67. Су бетінің неғұрлым аз жарықтандырылуы 100 люкс (бұдан әрі – лк), суға секіру бассейндерінде – 150 лк., су добы үшін 200 лк. құрайды. Барлық бассейндерде іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделеді.

68

68. Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру, суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-техникалық күйіне, өндірістік зертханалық бақылау нәтижелеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің нұсқамаларына (қаулыларына) байланысты жүргізіледі.

69 69. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары бар болғанда қолданылады.

70 70. Ванна суды ауыстырып құятын науалардың ернеуіне дейін толтырылады, ол толық толтырылмаған жағдайда пайдалануға тыйым салынады.

71 71. Бассейнді дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.

72 72. Бассейн суы сапасының көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

73

73. Бассейннің үй-жайлары мен шарасын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, егер қажет болса, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, жатақтарды, дөңгелектерді дезинфекциялау жүзеге асырылады.

74 74. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, шомылу киімі), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі қабылдайды.

Бассейнде айналысатын адамдардың жеке гигиена қағидаларын сақтауын бақылауды бассейн әкімшілігі қамтамасыз етеді.

75

75. Осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бассейн суының сапасын зертханалық зерттеулердің қанағаттанғысыз нәтижелерін алған кезде объект әкімшілігі бассейнді жуу және дезинфекциялау, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды күрделі жинау және дезинфекциялау жүргізеді. Кейіннен объектінің әкімшілігі нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау шеңберінде бассейн суының сапасына, үй-жайларды ағымдық жинау және дезинфекциялау тиімділігіне қайта зертханалық зерттеулер жүргізеді.

76 76. Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуге жатады.

6 6-тарау. Кір жуу орындарына, химиялық тазалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

77 77. Кір жуу және химиялық тазалау орындары көпфункционалды және тұрғын үйлерде орналасқан кезде:

1 1) ластанған ауаның түсуін болдырмау үшін оларға, қабатаралық жабындылар будан, жылудан, ылғалдылық және шудан оқшаулауды қамтамасыз етеді, сорып-шығаратын желдету жүйесі жалпы сорып шығаратын желдету жүйесінен бөлек орнатылады;

2 2) адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруді және теріс әсер етуді болдырмайтын әсер ету факторларын (діріл, шу, иіс) төмендету бойынша конструктивтік және жоспарлау шараларымен қамтамасыз етіледі.

78 78. Негізгі және қосалқы өндірістік үй-жайлардың қабырғасы, төбесі және едені зиянды химиялық заттардың жиналуына жол бермейтін, сіңірмейтін материалдармен өңделеді.

79 79. Едендер химиялық берік және су өткізбейтін материалдармен жабылады, еден құрылысы сұйық заттың төгілуі және үй-жайларды ылғалды жинау кезінде төгінділердің өткізілмеуін қамтамасыз етеді.

1 1-параграф. Жалпы мақсаттағы кір жуу орындарына қойылатын талаптар

80 80. Кір жуу орындарының сәулеттік-жоспарлау шешімі технологиялық процестің ағындылығының сақталуын және таза және лас киім-кешектің жанасуын, қиылысуын болдырмауды көздейді.

81 81. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан кезде, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылады.

82 82. Аурухананың төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа киім-кешекпен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді.

83 83. Таза және лас киім-кешекті тасуға арналған легендер, арбалар таңбаланады және мақсаты бойынша пайдаланылады.

84 84. Таза киім-кешек пен бұйымдарды тасымалдау қаптамаланған түрде жүзеге асырылады.

2 2-параграф. Денсаулық сақтау объектілерінің кір жуу орындарына қойылатын талаптар

85

85. Таза және лас киім-кешекті сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді. Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің киім-кешегі бір-бірінен бөлек сақталады. Киім-кешек әрбір ауыстырылғаннан кейін стеллаждар мен жабдықтардың беттеріне дезинфекция жүргізіледі.

86 86. Инфекция жұқтырған киім-кешек өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1 1) инфекция жұқтырған киім-кешекті қабылдау үй-жайы басқа үй-жайлардан оқшауланады;

2 2) киім-кешекті қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;

3 3) инфекция жұқтырған киім-кешекті суға жібітіп қою киім-кешекті іріктеу бөлмесінде жүргізіледі;

4 4) жуу алдында және жуу кезінде киім-кешек зарарсыздандырылады;

5 5) сарқынды су тазартылады және зарарсыздандырылады.

3 3-параграф. Химиялық тазалауға қойылатын талаптар

87 87. Химиялық заттар бөлу көздері бар жұмыс орындары, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.

88 88. Химиялық тазалау орнында ауа рециркуляциясы жүргізілмейді.

89 89. Жабдықтардан сарқынды суды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі. Сарқынды суды өндірістік үй-жайлардың еденіне, суды бұру жүйесіне ағызуға арналған ашық науаларға жіберу жүргізілмейді.

90 90. Еріткіштерді қолдану арқылы бұйымдарды құрғақ химиялық тазалау жүргізілген кезде үздіксіз және тұйық айналым бойынша барлық операциялардың орындалуы қамтамасыз етіледі.

91 91. Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.

92 92. Бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық процестерінде сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары бар реагенттер, заттар және препараттар қолданылады.

93 93. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады. Қолдануға рұқсат етілген химиялық және жуу құралдары пайдаланылады.

7 7-тарау. Халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

94 94. Тұрғын үйлерде объектілер жеке кіреберісі бар болған жағдайда орналастырылады. Жертөле қабаттары қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде пайдаланылады.

95 95. Объектілер мен үй-жайлардың сәулет-жоспарлау шешімдері көрсетілетін қызметтердің тізбесімен және олардың қуатымен айқындалады.

96 96. Қызмет көрсету кезінде клиенттердің денсаулығына қарсы келетін және жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Маникюр, педикюр, шаштараз және косметикалық қызметтер көрсету бойынша технологиялық рәсімдерді бастамас бұрын объект жұмыскері клиенттің терісінің пайдаланылатын материалдарға сезімталдығын тексеруі, қолданылатын химиялық препараттардың технологиясын, құрамын, шоғырлануын және әсер ету (ұстау) уақытын қатаң сақтауы, сондай-ақ клиент ұсынған жеке ерекшеліктер мен қарсы көрсеткіштерді ескеруі қажет.

97

97. Тері және сілемейлі қабаттардың зақымдануы мүмкін манипуляциялар үшін (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құрал-саймандар нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазарту және стерилдеуге жатады. Құрал-саймандарды стерилдеу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жабдық, аппаратура және материалдар пайдаланылады.

98

98. Эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр және косметикалық қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын құрал-саймандарды дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазалау және стерилдеу режимін күн сайын бақылау объектінің әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.

99 99. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне тексерiледi.

100

100. Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған кезде, персоналдың клиенттермен жұмысы қорғаныш оқшаулағыштармен (саусаққапен, жабысқақ пластырьмен) жүзеге асырылады.

101 101. Жұмыскерлер жеке бас тазалығын сақтайды.

102 102. Қанмен ластанған қол немесе қолғап сабындап ағынды сумен жуылады, кейіннен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Қанмен ластанған қолғап кейіннен кәдеге жаратыла отырып, дезинфекциялау ерітіндісіне батырылады.

1 1-параграф. Косметикалық көрсетілетін қызметтерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

103 103. осы Санитариялық қағидалардың талаптары реконструктивті-пластикалық хирургия медициналық қызметін көрсету, тері және тері асты жасушасы ауруларын емдеу бойынша ұйымды, косметологиялық және массаж кабинеттерін қоспағанда, косметикалық көрсетілетін қызметтерге қолданылады.

104 104. Косметикалық кабинеттер ыстық және салқын су жүргізілген раковинамен жабдықталады, жабдық кешенімен, бір рет қолданылатын құрал-саймандар мен материалдар қорымен жарақталады.

Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және оны келушілерге өткізу олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүргізіледі.

105 105. Таза киім-кешек пен парфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар немесе орындар стеллаждармен немесе шкафтармен, лас киім-кешекке арналған қақпағы бар ыдыстармен жабдықталады. Пайдаланылған және таза киім-кешек араластырылмайды.

2 2-параграф. Солярийлерде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

106 106. Солярийлерде әртүрлі үлгідегі (жоғары және төмен қысымды) ультракүлгін шамдар тік (немесе) көлденең орналасқан ультракүлгін сәулелену аппараттарын (солярийлерді) олардың кез келген комбинациясында пайдалануға жол беріледі.

107 107. Барлық аппараттардың (солярийлердің) техникалық паспорттары мен нұсқаулықтары, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттары болады.

108 108. Солярийлерді пайдалануға арналған үй-жай сағатына 3-4-еселік ауа алмасатыратын механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жеке желдету жүйесімен жабдықталған модельдер орнатылған жағдайда, үй-жайға ауаның табиғи ағымын ұйымдастыруға жол беріледі.

109 109. Солярий кабинасындағы ауа температурасы мен ылғалдылығы осы аппарат техникалық құжаттамасы талаптарына сәйкес келуі керек, бірақ +28 Цельсий градустан (бұдан әрі – °C) аспайды. Солярий кабинасы орналасқан үй-жайдың ауа температурасы +18 +24 °C.

110

110. Солярийдің шамдарын ауыстыру журналда міндетті түрде белгілей отырып, техникалық паспортта көрсетілген нормативті сағат орындалған жағдайда жүргізіледі. Келесі ауыстыру туралы ақпарат солярий кабинетінің клиенттеріне қолжетімді болуы және көрінетін жерде орналасуы тиіс. Істен шыққан шамдар жойылуы үшін арнайы ұйымдарға жіберіледі.

111 111. Әкімшілік клиенттердің назарына солярийді пайдаланудың қарсы көрсетілімдері мен шектеулері және сеанстарды жүргізу қағидалары туралы ақпаратты жеткізеді.

112 112. Әрбір сеанстан кейін келуші жанасқан солярий кабинасының барлық үстіңгі беттері дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Тік солярийді қолданған кезде келушілерге жеке сүлгі мен аяқ киім ұсынылады.

113 113. Аппарат ішіндегі желдеткіш тесіктері ластанған сайын кезеңді түрде тазартылады.

114 114. Солярийдің персоналы мен келушілеріне әсер ететін физикалық факторлардың деңгейлері:

1 1) электромагниттік өрістің кернеуі 25 вольтметрден аспайды;

2 2) өнеркәсіптік жиіліктегі токтың электрлік өрісінің кернеуі 50 Герц - 0,5 киловольтметрден аспайды.

3 3-параграф. Шаштараздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

115 115. Қиылған шаштан бұйым жасау жұмыстары оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.

116 116. Әрбір келушi дербес қолдануы үшін таза киім-кешек қорымен (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға, астылық лентамен қолданылады. Жуу және дезинфекциялау құралдары жеке үй-жайда немесе орында сақталады.

117 117. Шаштараздық қызмет көрсету залында таза киім-кешекті, парфюмерлік-косметикалық құралдарды жабық шкафтарда сақтауға жол беріледі. Пайдаланылған киім-кешек қайта пайдаланылмайды.

118 118. Тарақтарды, щеткаларды, шаш қиюға арналған қайшыны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрбір клиенттен кейін толық батырған (дезинфекциялау ерітінділері) кезде химиялық әдіспен немесе ультракүлгін сәулелеу арқылы кейіннен дезинфекциялай отырып, ағынды судың астында жуады.

119 119. Электрлік ұстаралардың алмалы-салмалы пышақтары, косметикалық жабдықтар мен аспаптарға арналған электродтар әрбір клиентке қызмет көрсетілгеннен кейін дезинфекциялау құралымен екі рет (15 минут аралықпен) өңделеді.

4 4-параграф. Маникюр және педикюр жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

120 120. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.

121 121. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң жуу құралдарын пайдалана отырып өңделеді.

122 122. Маникюр, педикюр, косметикалық көрсетілетін қызметтерді жеке жинақтар (көрсетілетін косметикалық қызмет түрі бойынша) болған жағдайда жүргізеді.

123 123. Тері, сілемейлі беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.

124 124. Маникюрге, педикюрге арналған құралдарды, сондай-ақ шығыс материалдарын кейіннен микроорганизмдермен екінші рет контаминацияны болдырмайтын жағдайларда сақтай отырып, бу, ауа немесе химиялық стерилдеу әдісімен стерильдейді.

125 125. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.

8 8-тарау. Спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

126 126. Спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілері пәтерлердің тұрғын үй-жайларынан шудан және дыбыстан оқшаулау сақталған жағдайда тұрғын ғимараттардың цокольдық және жерасты қабаттарында орналастырылады.

127 127. Спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілерінде өндіруші зауыттың нұсқаулығына сәйкес ауаны баптау жүйелеріндегі сүзгілерді ауыстыру уақтылы жүргізіледі.

128 128. Жаттығу қаптары, тұлыптар, маттар және тасымалданатын спорттық мүкәммал сабақ басталғанға дейін күніне бір рет жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, дымқыл шүберекпен сүртіледі.

129

129. Жіті респираторлық аурулар және ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялар жағдайларын тіркеудің эпидемиялық маусымы кезеңінде спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілерінде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды (оның ішінде есік тұтқаларын, сүйеніштерді және тұтқаларды, креслолардың шынтақшаларын) ылғалды жинау жүргізіледі.

130 130. Кинотеатрларда сеанстарының арасындағы үзілістерде кинозалдарды желдету қамтамасыз етіледі.

131 131. Спорт залдарының едендері саңылаусыз болады және сырғанамайды, тегіс және тайғанамайтын беті болады, сабақ басталғанда құрғақ және таза болады.

132 132. Жылу беру аспаптары торлармен немесе қалқандармен жабылады.

9 9-тарау. Жаппай демалу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

133 133. Саябақтарда урналар 800 шаршы метр алаңға кемінде бір урна есебінен орнатылады. Парктердің бас аллеяларындағы және жағажай аумағындағы урналар арасындағы қашықтық 40 метр (бұдан әрі – м) болып көзделеді.

Урналар ұсақ бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде орнатылады.
Урналарға күтім жасау мынаны қамтиды: қоқысты шығару, кірді тазарту, жуу, бояу. Жәшіктерді тазалау олардың толуына қарай жүргізіледі.

134 134. Негізгі жинау саябақ жабылғаннан кейін жүргізіледі. Күндіз ағымдағы тазалық жұмыстары жүргізіледі, жасыл желектерді суару, қалдықтарды және түскен жапырақтарды жинау.

135 135. Демалуға және шомылуға (пляж) арналған аумағы қоқыстан тазаланады.

136

136. Көпшілік демалатын орындарды орналастыру порттардан, шлюздерден, су электр станцияларынан, сарқынды суларды ағызатын жерлерден, мал қоралары мен суаратын жерлерден және басқа да ластану көздерінен алшақтатуды ескере отырып жүргізіледі немесе көрсетілген ластану көздерінен кемінде 500 м қашықтықта, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитариялық-қорғаныш аймақтарынан тыс жерде және қоршаған ортаны ластау көздері мен шу көздеріне қатысты жел жағынан орналастырылады.
Жағажайлар шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймағының бірінші белдеуі шекарасында орналастырылмайды.

137 137. Жағажай аумағында күн сәулесі түсетін бастырмалар немесе шатырлар, жатақтар мен орындықтар, шезлонгтар жабдықталады.

Киініп-шешіну үшін 50 адамға арналған бір кабина есебімен жалпы немесе жеке кабиналар орнатылады.

138 138. Күнделікті жағажай жабылғаннан кейін жағалауды тазалау, киініп-шешінетін орындарды, жасыл аймақтарды және дәретханаларды тазалау, дезинфекциялау жүргізіледі. Күні бойы ағымдық тазалау жүргізіледі. Жиналған қалдықтар дер кезінде шығарылады.

139 139. Құмды жағажайларда аптасына бір рет жиналған қалдықтарды жойып және құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсыту жүргізіледі. Қопсытқаннан кейін құм тегістеледі. Құм немесе қиыршық тас себу жыл сайын өткізіледі.

140 140. Жағажайларда кір жуу және жануарларды шомылдыру жүргізілмейді.

141 141. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қойылған контейнерлер жағажайлардан және демалушылардың көп жиналатын орындарынан (билеу алаңдары, эстрада, субұрқақтар, басты аллеялар, ойын-сауық павильондарынан) 50 м ден жақын емес қашықтықта орналасады.

142

142. Объектілердің иелері суға шомылу маусымы басталар алдында, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру барысында, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде су қоймаларының суына және жағажайлардың құмына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28086 болып тіркелген) бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының және нормалау құжаттарының талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

10 10-тарау. Қоғамдық дәретханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

143 143. Қалалық және (немесе) ауылдық елді мекендерде, курорттық жерлерде, сондай-ақ жолдарда (автомагистральдарда) қоғамдық дәретханалар (бұдан әрі – дәретханалар) көзделеді.

144 144. Дәретханалар жеке орналасқан (дербес) объектілер ретінде және (немесе) қоғамдық ғимараттарға және (немесе) қалалық құрылыстарға кіріктіріліп (жапсарлас) орналастырылады.

145 145. Тұрғын ғимараттарды қоспағанда, дәретханалар мынадай жерлерде орнатылады:

1 1) әуежай және теңіз вокзалдарының ішінде және алаңдарында (темір жол, өзен және автовокзалдарда), метрополитенде;

2 2) алаңдарда, көп жаяу жүргіншілері бар көшелерде;

3 3) қоғамдық іс-шараларды өткізу орындарында;

4 4) жаппай халықтың демалу орындарында;

5 5) сауда орталықтары, базарлар, жәрмеңкелер, көрмелер аумағында;

6 6) құрылыс алаңдарында объектіні салу кезеңінде;

7 7) зиратта;

8 8) жанар май станцияларында;

9 9) жолдарда (автомагистральдарда);

146 146. Жағажайлардың аумақтарында дәретханалар 75 келушіге бір орын есебінен орнатылады, қоғамдық дәретханалардан шомылу орнына дейінгі қашықтық кемінде 50 м және 200 м артық емес болады.

Базарларда орындар саны әрбір 50 сауда орнына кемінде біреу есебімен белгіленеді.
Саябақтарда дәретханалар демалушылар көп жиналатын орындардан 50 м-ден жақын емес қашықтықта, 500 келушіге бір орын есебімен орнатылады.

147 147. Дәретханалардың орналасу орындары мен оларға келу жолдары күндізгі және кешкі уақытта байқалатын арнайы көрсеткіштермен белгіленеді.

148 148. Дәретхана, санитариялық құралдар техникалық жарамды күйде ұсталады. Жөндеу жылына бір реттен кем емес және қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Дәретхана едені тайғанамайтын болып көзделеді.

149 149. Дәретханалар қоғамдық ғимараттарда орнатылған жағдайда негізгі ғимарат желдету жүйесімен қосылмаған жеке сорып-шығару желдетумен жабдықталады.

150 150. Кәрізделген дәретханаларда мынадай үй-жайлар көзделеді:

1 1) үй-жай үшін есіктермен жабылатын жеке кабиналар; ерлерге арналған бөлімшеде писсуарлар үй-жайы;

2 2) жуынатын раковина орнатылған шлюздер;

3 3) жинау мүкәммалын сақтау, жуу және дезинфекциялау құралдары үшін үй-жайлары.

151 151. Дәретханалар сабынмен, қағаз және (немесе) электрлі сүлгімен, дәретхана қағазымен жарақталады, кабиналарда сыртқы киімге арналған ілмектер, қоқысқа арналған урналар болады.

152 152. Дәретханалар таза күйде ұсталады, оларды жинау күн сайын және ластануына қарай жүргізіледі.

153 153. Суды бұру жүйелерімен жабдықталмаған аудандарда (елді мекендерде) дәретханалар су өткізбейтін шұңқырмен жабдықталады.

154 154. Суды бұру жүйелеріне қосылмаған дәретханалар мен қазылған шұңқырлар он күнде бір рет қолдануға рұқсат етілген препараттармен дезинфекцияланады.

Қазылған шұңқырлар, септиктер толтыру бойынша уақтылы тазартылады, дезинфекцияланады.

155 155. Жылжымалы дәретханаларды пайдалану кезінде лас қалдықтарды химиялық ыдырату және жағымсыз иістердің пайда болуына, таратылуына кедергі болу үшін бактарды дайындаушы-зауыттар ұсынған арнайы реагенттермен өңдеу жүргізу қажет.

Жылжымалы дәретханалар қалдықтарын алу және оларды төгу пунктіне тасымалдау үшін арнайы вакуумды пайдаланылады.

11 11-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

156

156. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен белгілінеді.

157

157. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен коммуналдық мақсаттағы объектілердің қызметіне (кәсіпкерлігіне) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі және орындауға жатады.

1 Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлері және судың температурасы

«Коммуналдық мақсаттағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына
1-қосымша
Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы
параметрлері және судың температурасы

Үй-жай­лар
Су тем­пе­ра­ту­ра­сы, °С
Ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы, ºС
Са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, %
1 са­ғат­та ауа ал­ма­су па­ра­метр­ле­рі
Ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы м/сек
іш­ке со­ру
сырт­қа та­ра­ту
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Ере­сек­тер­ге ар­нал­ған бас­сейн ша­ра­сы
24-26
-
-
-
-
-
2
Ба­ла­лар­ға ар­нал­ған бас­сейн ша­ра­сы
30-32
-
-
-
-
-
3
Бас­сейн зал­да­ры
-
Су тем­пе­ра­ту­ра­сы­нан 1-2 жо­ға­ры
60 % ар­тық емес
1 ке­лу­ші­ге ке­мін­де 80 м3/сағ, 1 кө­ре­рмен­ге ке­мін­де 20 м3/сағ.
0,5 ар­тық емес -
4
Жат­тығу дай­ын­дау за­лы
-
18
-
1 ке­лу­ші­ге ке­мін­де 80 м3/сағ
0,2 ар­тық емес -
1 са­ғат­та ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі
5
Ки­і­ніп-ше­ші­не­тін орын
-
25
-
Се­без­гі­лер­ді есеп­ке ала оты­рып, тең­ге­рім бой­ын­ша
2 (се­без­гі­лер­ден)
-
6
Се­без­гі бөл­ме­сі
-
25
-
5
10
-
7
Мас­саж бөл­ме­сі
-
22
-
4
5
-
8
Сау­на ка­ме­ра­ла­ры
-
120-дан ар­тық емес
-
-
5 (адам жоқ кез­де мер­зім­дік іс­ке қо­сы­ла­тын)
-
9
Су­ды тал­да­у­ға ар­нал­ған зерт­ха­на
-
18
-
2
3
-
Ескертпе: ашық бассейндердегі судың температурасы жаз мезгілінде плюс 27°С, қыста плюс 28°С, жүзіп үйренушілер үшін плюс 29°С деңгейінде сақталады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
°С – градус Цельсий;
% – пайыз;
м/сек – секундына метр;
м³/сағ – сағатына текше метр.

2 Бассейн суының сапа көрсеткіштері

«Коммуналдық мақсаттағы
объектілерге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Бассейн суының сапа көрсеткіштері

Көр­сет­кіш
Өл­шем бір­лі­гі
Нор­ма­тив
1
2
3
4
1
Лай­лы­ғы
мг/л
2,0-ден ар­тық емес
2
Тү­сі
гра­дус
20-дан ар­тық емес
3
Иісі
балл
3-тен ар­тық емес
4
рН су­те­гі ион­да­ры­ның шо­ғыр­ла­нуы
-
6,5-9,0 ше­гін­де
5
Қал­дық бай­ла­ны­с­қан хлор
мг/л
1,2-ден ар­тық емес
6
Қал­дық ер­кін хлор
мг/л
1-6 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар үшін 0,1-0,3; ере­сек­тер үшін 0,3-0,6
7
Ам­мо­ний­лік азот (азот бой­ын­ша)
мг/л
0,2-ден ар­тық емес
8
Озон (озон­дау ке­зін­де)
мг/л
0,3-тен ар­тық емес
9
Пер­ман­га­нат­ты то­тығу
мг/л
5,0-ден ар­тық емес
10
Хло­ро­форм
мг/л
0,2-ден ар­тық емес
11
Фор­маль­де­гид (озон­дау ке­зін­де)
мг/л
0,05-тен ар­тық емес
12
Жал­пы кер­мек­ті­лі­гі
мг-экв/л
7,0-ден ар­тық емес
13
Суль­фат­тар
мг/л
500-ден ар­тық емес
14
Хло­рид­тер
мг/л
350-ден ар­тық емес
15
Жал­пы те­мір
мг/л
0,3-тен ар­тық емес
16
Мөл­дір­лі­гі
Бас­сейн­нің бү­кіл тү­бін мін­сіз қа­рап-тек­се­ру
17
Нит­рат­тар
мг/л
45-тен ар­тық емес
18
ЖМС
1 мл-де
100-ден ар­тық емес
19
ЖКБ
100 мл-де
жоқ
20
ТКБ
100 мл-де
жоқ
21
Ко­ли­фаг­тар
100 мл-де
жоқ
22
Ал­тын тә­р­із­ді ста­фи­ло­кокк (Staphylococcus aureus)
100 мл-де
жоқ
23
Ішек ин­фек­ци­я­ла­ры қоз­дыр­ғы­шта­ры
1000 мл-де
жоқ
24
Көк ірің­ді та­яқ­ша (Pseudomonas aeruginosa)
100 мл-де
жоқ
25
Ци­ста лямб­лий­ле­рі
50 л-де
жоқ
26
Гель­минт жұ­мырт­қа­ла­ры мен дер­нә­сіл­де­рі
50 л-де
жоқ
27
Ле­ги­о­нел­ла (Legionella pheumophilia)
100 мл-де
жоқ
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
мг/л – литрге миллиграмм;
мг-экв/л – литрге миллиграмм-эквивалент;
л – литр;
мл – миллилитр;
ЖМС – жалпы микробтар саны;
ЖКБ – жалпы колиформдық бактериялар;
ТКБ – термотолерантты колиформдық бактериялар.

Қолданыстағы