Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил назначения и выплаты материальной помощи одному из родителей детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Қаулы · № 179 · қабылданған 22.08.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17027/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил назначения и выплаты материальной помощи одному из родителей детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған Қаулы ·№ 179 ·22.08.2003
18.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил назначения и выплаты материальной помощи одному из родителей детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Күшін жойған Қаулы ·№ 179 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил назначения и выплаты материальной помощи одному из родителей детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Атауы (қаз.)
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
179
Қабылданған күні
22.08.2003
Көрсетілген редакция
18.11.2014 AI17027_10.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03Z0002280
ЭКБ идентификаторы
17027
Редакция идентификаторы
AI17027_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:01

0 Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне

материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне немесе оларды ауыстырушы адамдарға материалдық көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне немесе оларды ауыстырушы адамдарға материалдық көмек тағайындау және төлеу жөніндегі ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.

2 2. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне дер кезінде материалдық көмек тағайындалуына және төленуіне бақылауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Иманғалиевке жүктелсін.

4 Облыс әкімдігінің

2003 жылғы 23 тамыздағы
N 179 қаулысымен
бекітілген
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін
және оқытатын ата-аналардың біріне
материалдық көмек тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына негізделіп жасалды.

2 2. Материалдық көмек 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар, оларды үйде тәрбиелеп және оқытып отырған ата-аналардың біріне немесе оларды ауыстырушы адамға (бұдан әрі - алушы) беріледі.

3 3. Материалдық көмек облыс әкімдігінің "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау туралы" 2002 жылғы 12 мамырдағы N 100 (тіркеу N 1576)қаулысымен белгіленген мөлшерде алушыға ай сайын ақшалай төленеді.

4 4. Материалдық көмек-мүгедек бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған ата-аналарға тағайындалады және төленеді.

5 5. Материалдық көмек мемлекеттік толық қамсыздандыруындағы мүгедек балалардың ата-аналарына тағайындалмайды және төленбейді.

6 6. Материалдық көмек басқалай табыс көздеріне қарамастан, отбасының жалпы табысы есепке алынбастан тағайындалады.

2 2. Материалдық көмек тағайындау тәртібі

7 7. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын материалдық көмек алуға құқығы бар азаматтар тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органына арыз береді.

8 8. Арызға мынандай құжаттар қоса тіркеледі:

1 1) облыстық, қалалық және аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларымен берілетін мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттігі туралы қорытындысы;

2 2) баланың тууы туралы куәлігі (көшірмесі);

3 3) алушының жеке куәлігі;

4 4) алушы-салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

5 5) қорғаншылыққа алынған факті анықталған жағдайда қорғаншылық туралы шешім (қамқорлыққа алу туралы тиісті орган шешімінің көшірмесі);

6 6) үй кітапшасының көшірмесі және отбасының құрамы туралы анықтама;

7 7) үйде жеке оқытуды ұйымдастыру туралы мектептен анықтама (тоқсан сайын).

9 9. Уәкілетті орган тапсырылған құжаттар негізінде 10 күннің ішінде материалдық көмек тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады. Тағайындалмаған жағдайда өтініш берушіге жазбаша хабарлама жіберіледі.

10 10. Даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамаларына сәйкес қаралады.

11 11. Материалдық көмек әр тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленіп отырады.

12 12. Материалдық көмек барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап тағайындалады.

3 3. Материалдық көмекті төлеу

13 13. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің материалдық көмекті тағайындау туралы шешімі негізінде төлемді жүзеге асыру үшін:

1 1)ай сайын материалдық көмек төлеу туралы үш дана тізім-ведомосты және қажетті өтінім-жасалады;

2 2) қажетті-өтінім айдың 25-нен кешіктірілмей Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне беріледі;

3

3) келесі айдың 1 күні екі данадағы тізім-ведомосты материалдық көмекті беру жөніндегі ұйымға тапсырылады, ол төлем төлеу аяқталғаннан кейін тізім-ведомстының бір данасын аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне нақты төлемнің төленгендігін көрсете отырып қайтарады.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті материалдық көмек беру жөніндегі ұйымдардың сыйақы шарттарында қаралғанды ескере отырып, облыс бойынша жиынтық қажетті-өтінімді құрастырады және оны келесі айдың 1-де Батыс Қазақстан облысының қаржы департаментіне тапсырады.
Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті 10 күніне дейін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне материалдық көмекті төлеуге арналған қаржыны бөледі, олар өзінің кезегінде белгіленген заңнамалық тәртіппен тендерде жеңіп алған, тиісті банк операция түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар аудандық (қалалық) ұйымдардың шотына төлем тапсырмасы бойынша қаржы аударады.

14 14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары төлеуді жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне төленген материалдық көмектің сомасын тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді.

4 4. Қаржыландыру көздері

15 15. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмекті қаржыландыру көздері облыстық бюджет болып табылады.

Қолданыстағы