Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества в населенных пунктах Атбасарского района

Өзге акт · № 7С 21/4 · қабылданған 03.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-170366/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества в населенных пунктах Атбасарского района Қолданыста Өзге акт ·№ 7С 21/4 ·03.08.2022
03.08.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества в населенных пунктах Атбасарского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 7С 21/4 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества в населенных пунктах Атбасарского района
Атауы (қаз.)
Атбасар ауданының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7С 21/4
Қабылданған күні
03.08.2022
Көрсетілген редакция
03.08.2022 170366_585892.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22BE07214M
ЭКБ идентификаторы
170366
Редакция идентификаторы
170366_585892
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:46

0 Атбасар ауданының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Атбасар ауданының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

Атбасар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 8 тамыздағы
№ 7С 21/4 шешімімен
бекітілген
Атбасар ауданының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Атбасар ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленген және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Тәртіппен мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Атбасар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы