Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов

Бұйрық · № 257 · қабылданған 04.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-170442/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов Қолданыста Бұйрық ·№ 257 ·04.08.2022
17.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов

Қолданыста Бұйрық ·№ 257 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил идентификации бытовых баллонов и функционирования систем учета бытовых баллонов
Атауы (қаз.)
Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
257
Қабылданған күні
04.08.2022
Көрсетілген редакция
17.07.2025 170442_774090.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029040
ЭКБ идентификаторы
170442
Редакция идентификаторы
170442_774090
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:45

0 Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 18-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 4 тамыздағы
№ 257 Бұйрығымен
бекітілген
Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-6) тармақшасына және 29-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

1 1) газ толтыру пункті – сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға арналған инженерлік құрылыс;

1-1

1-1) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;

2

2) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi» ақпараттық жүйесi (бұдан әрi – ББМЖ) – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;

3 3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесі – тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған техникалық құрылғылар мен бағдарламалық қамтылым кешені;

4 4) тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі – осы тұрмыстық баллонды өндірушінің тұрмыстық баллонға қойған бірегей нөмірі;

5 5) тұрмыстық баллонның бірегей коды – сұйытылған мұнай газының тұрмыстық баллондарға әрбір құйылуын бірмәнді сәйкестендіретін, ББМЖ генерациялайтын символдардың қайталанбайтын бірегей тізбегі;

6 6) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

7 7) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

8 8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2 2-тарау. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптар және олардың осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібі, тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін белгіленген талаптарға сәйкес емес деп танудың негіздері мен тәртібі

3 3. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес және мынадай талаптарды сақтай отырып құрылады, дамиды және жұмыс істейді:

1 1) тұрмыстық баллондарды бірегей зауыттық нөмірі бойынша есепке алуды қамтамасыз ету;

2 2) өнеркәсіптік пайдалануда;

3 3) уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау;

4 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келу.

4 4. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы және уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияның болуы олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болып табылады.

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

5 5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеу тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп тану үшін негіз болып табылады.

6 6. Тұрмыстық баллондарды есепке алудың меншікті жүйелері болмаған кезде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және есепке алу жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдаланады.

7 7. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне ақпаратты енгізу жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.

8 8. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне ақпаратты енгізу бойынша қолжетімділік жергілікті атқарушы органдарға және газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелеріне беріледі және уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде тіркелу жолымен жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен синхрондау тәртібі

9 9. Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері Заңның 28-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерімен берілген бірегей кодпен және (немесе) газ толтыру пункті иесінің тауар таңбасымен тұрмыстық баллондарды сәйкестендіруге міндетті.

10 10. Бірегей код мынадай деректерді қамтиды:

1 1) газ толтыру станцияның немесе газ толтыру пунктінің атауы;

2 2) газ толтыру станциясының немесе газ толтыру пункті иесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

3 3) құю күні;

4 4) тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі;

5 5) тұрмыстық баллонға құйылған сұйытылған мұнай газының мөлшері;

6 6) тұрмыстық баллонды куәландыру күні;

7 7) тұрмыстық баллонды жөндеу күні.

11 11. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен синхрондау тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы қамтамасыз етіледі

12

12. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы ғана жүзеге асырылады.

13 13. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын электрондық ақпараттық ресурстары, интерфейсі, техникалық құжаттамасы және басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тілдерінде жасалады және бес жыл бойына сақталады.

14 14. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін дербес деректер берілетін және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік қамтамасыз етілетін уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.

4 4-тарау. Тұрмыстық баллондарға қойылатын талаптар және оларды сәйкестендіру тәртібі, тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алу шарттары

15

15. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін тұрмыстық баллондардың айналымына және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тіркеуге жол беріледі.

16 16. Тұрмыстық баллондар Талаптарға сәйкес келсе, тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде есепке алынады.

17 17. Тұрмыстық баллондардың Талаптарға сәйкестігін белгілеуді газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.

18 18. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алуды газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері жүргізеді.

5 5-тарау. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алу тәртібі

19 19. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллонды бастапқы тіркеу кезінде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері мынадай тіркеу деректерін:

1 1) тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірін;

2 2) тұрмыстық баллонның сыйымдылығын;

3 3) тұрмыстық баллонның жасалған күнін;

4 4) тұрмыстық баллонды соңғы жөндеу және (немесе) салыстырып тексеру күнін;

5 5) тұрмыстық баллонды жөндеуге және (немесе) салыстырып тексеруге жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) енгізеді.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер болмаған жағдайда, газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері тұрмыстық баллондарды салыстырып тексеруді және (немесе) жөндеуді жүзеге асырады, ол туралы тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесіне тиісті ақпарат енгізіледі.

20 20. Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сату кезінде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесіне мынадай мәліметтерді:

1 1) тұрмыстық баллонды толтыру күнін;

2 2) тұрмыстық баллонды сату күнін;

3 3) тұрмыстық баллонды сатып алған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін және тұрғылықты жерін енгізеді.

21 21. Өткізілген тұрмыстық баллондар және тұрмыстық баллондарда өткізілген сұйытылған мұнай газының көлемі туралы мәліметтерді қалыптастыру уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері сатқан тұрмыстық баллондар саны бойынша да, тұрмыстық баллондар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша да мәлімет есепке алынады.
Бұл ретте, бір тұрғылықты жері бойынша тіркелген бір немесе бірнеше адамға сатылған тұрмыстық баллондар, мұндай адамдарға өткізілген сұйытылған мұнай газының жалпы массасы күнтізбелік ай үшін 50 (елу) килограмнан асатын болса, есепке алынбайды.
Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптардың сақталуын ескере отырып, тұрмыстық баллондарды сатып алатын тұлғалар туралы мәліметтерді жинайды.

22 22. Газ толтыру пункттері бөлінісіндегі тұрмыстық баллондардың айналымы және газ толтыру пункттерінде баллондар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

23

23. Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ЭЦҚ-мен қол қойылған ақпарат жібереді.

24

24. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бөлінісіндегі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған тұрмыстық баллондарда өткізілетін тұрмыстық баллондардың айналымы және сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпаратты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынады.

1 Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат

Тұрмыстық баллондарды
cәйкестендіру және тұрмыстық
баллондарды есепке алу
жүйелерінің жұмыс істеу
қағидаларына
1-қосымша
1-нысан
Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда
өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ТБАА.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.
ЖСН/БСН
(жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.

Тұр­мыстық бал­лон­ды өт­кі­зе­тін об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на, аудан (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла) ел­ді ме­кен
Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ТАӘ
Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ЖСН/ БСН
Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ме­кен­жайы
Тұр­мыстық бал­лон­ның бі­ре­гей ко­ды
Тұр­мыстық ба­лон кө­ле­мі (литр)
Тұр­мыстық бал­лон­ның бі­ре­гей за­уыт­тық нө­мі­рі
Тұр­мыстық бал­лон­ды өт­кі­зу кү­ні
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Атауы ________________________
Мекенжайы__________________
Телефон ________________________
Электрондық поштаның мекенжайы ________
Орындаушы____________________ қолы, телефон ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________
қолы ___________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

1.1 «Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАА, кезеңділігі: ай сайын)

«Тұрмыстық баллондар
айналымы және тұрмыстық
баллондарда өткізілетін
сұйытылған мұнай газының
көлемі туралы ақпарат»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша
«Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАА, кезеңділігі: ай сайын)
«Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес тұрмыстық баллонды өткізетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) елді мекені көрсетіледі;
3-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
4-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының мекенжайы көрсетіледі;
6-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей коды көрсетіледі;
7-бағанда тұрмыстық балон көлемі көрсетіледі;
8-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі көрсетіледі;
9-бағанда тұрмыстық баллонды өткізу күні көрсетіледі.

2 Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат

Тұрмыстық баллондарды
cәйкестендіру және тұрмыстық
баллондарды есепке алу
жүйелерінің жұмыс істеу
қағидаларына
2-қосымша
2-нысан
Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда
өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат
Ұсынылады: уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ТБАЖА.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен (он бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.
ЖСН/БСН
(жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.

Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің атауы
Тұрмыстық баллонды өткізетінн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала)
Өткізілген тұрмыстық баллон саны (дана)
Тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі (литр)
1.
2.
3.
4.
5.
Атауы ________________________
Мекенжайы____________________
Телефон ________________________
Электрондық поштаның мекенжайы ________
Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефон
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________
қолы ___________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

2.1 «Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАЖА, кезеңділігі: ай сайын)

«Тұрмыстық баллондар
айналымы және тұрмыстық
баллондарда өткізілетін
сұйытылған мұнай газының
көлемі туралы жиынтық
ақпарат» әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға қосымша
«Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАЖА, кезеңділігі: ай сайын)
«Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің атауы көрсетіледі;
3-бағанда тұрмыстық баллонды өткізетін Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) көрсетіледі;
4-бағанда өткізілген тұрмыстық баллонның саны көрсетіледі;
5-бағанда тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі.

Қолданыстағы